Уильям Джеймстің дінтану ғылымына қосқан үлесі: жеке діни тәжірибелерді негіздеу

Авторлар

  • К. Тышхан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6349-4157
  • C. Нұртаза Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0009-0008-2883-3625

DOI:

10.26577//EJRS20254443

Аңдатпа

Мақалада дін психологиясының негізін қалаушы Уильям Джеймстің (1842-1910) көзқарастары мен ғылыми мұрасы талқыланады. Сол замандағы ғылыми-философиялық, дінтанулық үрдістер контексінде Джеймстің дін атаулыға прагматизм, эмпирикалық тұрғыдан жаңаша көзқарас қалыптастырғаны, оның зерттеулерінің басты идеяларының ғылыми маңызы зерттеледі. Американдық ойшыл әрі психолог діни сенімнің мүмкіндігін және құндылығын зерделеді. Оның дінтану ғылымына қосқан үлесі ең алдымен жеке діни тәжірибелердегі адамның риясыз сеніміне байланысты түрлі психологиялық, мистикалық халдерді басынан кешіруі, сол жолда өзіне рухани тірек тауып, санасының жетілуін басты құндылық және зерттеуге лайық құбылыс ретінде жан-жақты дәлелдеуінде. У. Джеймс сол дәуірде үстемдік құрған рационализм мен догматизмге, сонымен бірге «медициналық материализмге» де бірдей оппозицияда құрылған өзінің әдістемесінде дінді прагматизм, яғни пайдалылық тұрғысынан адам санасындағы күйзелістерді жеңетін, өмірін құнарландырып, күш-қуатын арттыратын бірегей құбылыс ретінде негіздеді. Діннің мәні жалпылама онто-теологиялық негіздерден гөрі адамның субъективті-психологиялық болмысына тән феномендерде жатыр деген Джеймстің басты жаңашыл пікірі дінтану, психология, философия, антропология, теологияға үлкен әсерін тигізіп, авторды түбегейлі әдістемелік бетбұрыс жасаған ойшыл, ғалым ретінде танытты. Мақала авторлары американдық философ әрі психологтың идеялары әлі күнге дейін өзінің ғылыми маңызын жоғалтпағанын дәлелдейді. У. Джеймстің «Діни тәжірибелердің әралуандылығы» атты кітабының жеке діни тәжірибелер мен мистицизм феномендерін зерттеуде ғылыми-әдістемелік маңызы зор.

Түйін сөздер: Уильям Джеймс, дін психологиясы, прагматизм, жеке тұлға, діни тәжірибелер

Автор өмірбаяндары

  • К. Тышхан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    Тышхан  Кеңшілік – философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті дінтану кафедрасының  доценті, Астана, Қазақстан, email: Kenshe76@mail.ru

  • C. Нұртаза, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    Нұртаза Самат Русланұлы (автор-корреспондент) – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті дінтану кафедрасының PhD докторанты, Астана, Қазақстан, email: samatnurtaza@gmail.com

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies