Шортанбай Қанайұлының поэзиясындағы діни дискурс: теолингвистикалық талдау
DOI:
10.26577//EJRS46220267Аңдатпа
Халықтың руханияты мен діни бағыты, ұлттық ерекшеліктері ғасырдан ғасырға әдеби мұра арқылы жетіп отырған. Ақындар өлең тілімен насихат, тәлім-тәрбие, құқық пен діни құндылықтарды көркем бейнеде ұсынған. Осы орайда қазақ халқының ислам дініне қатысты көзқарасы мен рухани практикасының поэтикалық бейнесі ақын-жыраулардың поэзиясынан көреміз. Соның бірі он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген Шортанбай Қанайұлы. Шортанбай ақын ғана емес, сонымен қатар діни қайраткер болған. Бұл мақалада Шортанбай Қанайұлының поэзиялық туындыларының бірі «Атамыз Адам пайғамбар» деп басталатын өлеңіне теолингвистикалық талдау жасалады. Бұл өлеңде діни танымдар және ғибадаттар, адам баласының рухани болмысы, сонымен қатар өмірдің өткіншілігі ұлттық таныммен ұштастырыла баяндалған. Теолингвистикалық жағынан алғанда, өлеңде ислам парыздары, Құдайға сенім және дүниенің жалғандығы секілді діни концепттер негізге алынған. Мақалада ақынның қолданған ислами терминін ислам әдебиетінен мысалдар беріледі. Сонымен қатар исламда сакралды қайнар көз саналған Құран мен сүннеттен де мысалдар ұсынылады. Ақынның өлеңіндегі қолданылған метафоралар, бейнелі сөздерді де талдап түсіндіретін боламыз. Ислами терминдердің анықтамасы анық, түсінікті тілде ұсынылады. Бұл мақала арқылы қазақ ұлтының діни нанымы, ұлттық құндылықтары анық түсіндірілген. Қазіргі салааралық зерттеулер аясында дін мен тілді, дін мен әдебиетті бірге қарастырып, ақындардың жырлары арқылы мұсылмандық қазақ ұлтының негізгі ұстанымы болғанын, ұлттық нанымы мен діні біте қайнасқанын көрсетеді.
Түйін сөздер: әдебиет, рухани, Құдай, пейіш, тамұқ








