Синцзяңдағы христиандық: тарихи және қазіргі заманғы шолу
DOI:
https://doi.org/10.26577/Аңдатпа
Қытайдағы ұйғыр халқының діни болмысы дәстүрлі түрде исламмен тығыз байланысты болғанымен, соңғы жылдары ұйғырлар арасында христиандықты қабылдау құбылысы зерттеушілер назарын аударуда. Бұл процесс өте сирек әрі әлеуметтік тұрғыдан сезімтал болғандықтан, оның пайда болуы қазіргі Қытай қоғамындағы діни алуандық, урбанизация, миграция және мәдени өзара ықпалдастық сияқты кең ауқымды өзгерістермен сабақтасып отыр.
Қытайдың қатаң мемлекеттік діни саясаты, исламның ұйғыр этникалық бірегейлігін қалыптастырудағы рөлі және қауымдық бақылаудың күші жағдайында христиан сеніміне өткен ұйғырлардың тәжірибесі ерекше ғылыми мәнге ие. Конверсия тек діни сенімнің өзгеруі ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәртебе, этникалық сәйкестік және қауым ішіндегі қатынастарға әсер ететін күрделі мәдени-әлеуметтік құбылыс ретінде көрінеді.
Осы зерттеу ұйғырлардың христиандықты қабылдауына ықпал ететін саяси, әлеуметтік және тұлғалық факторларды анықтап, бұл үрдістің этникалық бірегейлікке және діни саясатқа ықпалын талдайды. Зерттеу нәтижелері Қытайдағы діни трансформациялардың күрделілігін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.








