Байтул-мәл институтының шариғаттық негіздері және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесімен салыстырмалы талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS47320269Аңдатпа
Мақалада ислам өркениетіндегі әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдық жауапкершілікті қамтамасыз етудің маңызды институттарының бірі болып табылатын Байт әл-Малдың тарихи қалыптасуы мен теориялық негіздері қарастырылады. Исламдық басқару дәстүрінде Байт әл-Мал мемлекеттік қаражатты жинау мен бөлуді жүзеге асыратын қаржылық құрылым ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы әлеуметтік тепе-теңдікті сақтауға, мұқтаж топтарды қолдауға және қоғамдық игілікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді институт ретінде қазмет атқарды. Осы себепті Байт әл-Мал исламның әлеуметтік-экономикалық қағидаттарын тәжірбие жүзінде жүзеге асырудың маңызды тетіктерінің бірі болып саналады. Сондай-ақ, Байт әл-Мал институтының исламдағы әлеуметтік әділеттілік ұғымымен және мақасид әл-Шариға қағидаттарымен сабақтастығы жөнінже талданады. Әсіресе мүлікті қорғау, адамның қадір-қасиетін сақтау, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мәселелеріндегі орнына ерекше назар аударылады. Зерттеуде тарихи, салыстырмалы және герменевтикалық әдістер қолданылып, Мұхаммед пайғамбардың және әділетті халифалар дәуіріндегі тәжірбиелермен қатар исламдық әлеуметтік этикалық құндылықтар мен әлеуметтік-экономикалық міндеттердің өзара байланысына негізделген басқару үлгісі болғанын айқындайды. Зекет, садақа және өзге де қоғамдық қорлар арқылы ұйымдастырылған әлеуметтік қолдау жүйесі қоғамдағы әлсіз топтарды қорғауға, әлеуметтік жіктелудің алдын алуға және қоғамдық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Байт әл-Малдың негізгі қағидаттары қазіргі мұсылман қоғамдарына кездесетін әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдық жауапкершілікті институционалдық деңгейде жүзеге асырған бірегей басқару моделі ретінде бағалауға болады.
Түйін сөздер: Байт әл-Мал, әлеуметтік әділет, қоғамдық жауапкершілік, мақасид әш-шариға, исламдық әлеуметтік қаржыландыру








