Құрандағы жаза үкімдері

Авторы

  • Бекжан Мейрбаев

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS-2016-4-98
        70 0

Аннотация

Бұл мақалада Құрандағы тәрбие құралдарының бірі ретінде қолданылатын ескерту мен жаза үкімдері жайлы сөз қозғалады. Әуелі Құрандағы жаза сөзінің мәні, оның тілдік әрі терминдік мағынасын анықтағаннан кейін,  мақаланың негізгі бөлімінде Құрандағы жазалардың көздеген негізгі 5 мақсаты, атап айтқанда адамның дінін, ақылын, жанын, дүние-мүлкін және нәсілін қорғауға бағытталған мақсаттары айқындалады.

Шариғаттың бұл 5 мақсатын «مقاصد الشريعة», яғни шариғаттың мақсаттары деп аталатын ғылым саласы зерттейді. Ислам құқығының ғұламалары шариғаттың барлық үкімдері мен ережелерін осы 5 мақсат төңірегінде топтастырады. Мақалада Алла Тағаланың Құрандағы жазаларды белгілеу барысында адамзаттың тіршілік етуі үшін зәру болатын бес негізді қорғауды мақсат тұтқандығы айқындалады.

Сонымен қатар Құранның жазалары кінәлілерді жазалауды ғана мақсат тұтпайды. Керісінше жаза түрлері Құранда қылмыс пен күнәнің алдын алуды мақсат ете отырып, адамдардың жасаған қылмысынан бас тартып, түзелуіне, тәрбиеленуіне апаратындай етіп қарастырылған. Сонымен қатар берілген кейбір жазалардың көпшіліктің көзінше жүзеге асырылуы арқылы әлі қылмыс жасамаған адамдардың осы жолға түсіп қалмауы көзделеді.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Мейрбаев, Б. (2017). Құрандағы жаза үкімдері. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 8(4), 52–58. https://doi.org/10.26577/EJRS-2016-4-98