Әлеуметтік-мәдени конфликтілердің туындауына әлемдік және аймақтық жағдайлардың әсері
DOI:
10.26577/EJRS.2020.v24.i4.r3Кілт сөздер:
socio-cultural conflict, religion, tolerance, law, extremismАңдатпа
Мақалада әлеуметтік-мәдени конфликтілердің туындауына әлемдік және аймақтық жағдайлардың әсері кеңінен қарастырылады. Жаһандану заманында еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясаты келісім мен этносаралық үйлесімділікті сақтау бағытындағы ауқымды қызметтерді жүзеге асырып, жақсылық пен қайырымдылық, гуманизм мен ізгілік талабындағы әлемнің жаңа архитектоникасын қалыптастыруды іске асыруда. Алайда, дін саласындағы оң көріністермен қатар, бірқатар түйткілді мәселелер де жоқ емес. Кеңес үкіметінен тәуелсіздік алғаннан кейінгі рухани саладағы бос кеңістік орын, бұл салада дәстүрлі діндермен қатар дәстүрлі емес ағымдардың жаппай белең алуы жағымсыз салдарды туындатты. Қазақстан ХХІ ғасырдың екінші жартысында халықаралық жоғары деңгейдегі кездесулерде, саммиттерде, конфессияларда мемлекет басшылары мен танымал саясаткерлердің, діндер лидерлерінің қызу талдауына түскен діни экстремизм мәселесімен жолықты. ХХ ғасырдың 90-жылдарынан кейінгі идеологиялық негіздегі салдарынан қоғамда сан түрлі жат діни ағымдар, әсіресе жастар арасында жылдам тарай бастады. Мұның себебі – діни сауатсыздық, жастық албырттық, өмірлік тәжірибенің аздығы, өмірден өз орнын таппау, әлеуметтенудің қалыпты үдерісінің бұзылуы, әлеуметтік жағдайлар, рухани әлемнің жұтаңдығы, торығу, жалғыздық, рухани тірек іздеу, ақпараттық материалдардың тасқыны, еліктеушілік, қоғам өміріндегі көрініс берген маргиналды құбылыстар, постмодернисттік ұстанымдар.








