Қазақстандағы діни экстремизм қаупі және оны шектеудегі діни білім берудің рөлі
DOI:
10.26577//EJRS.2021.v26.i2.r5Кілт сөздер:
religious consciousness, extremism, terrorism, Islamophobia, religious educationАңдатпа
Қазіргі таңда елімізде қолға алынып отырған рухани жаңғыру аясында, сол руханиаттың негізі болып табылатын дін мәселесін қайта қарау, діннің дұрыс түсінігін жалған діншілдіктен ажыратып, діндегі радикализм, экстремизм, лаңкестік сияқты келеңсіз құбылыстарды анықтап, себептері мен салдарын анықтаудың маңызы зор. Бұл мақала Қазақстандағы діни экстремизм қаупі жайында, оның көріністері мен факторларына және оны шектеудегі діни білім берудің рөліне арналған. Заманауи діни-мәдени жағдайды талқылап, еліміздегі діни экстремизмге қарсы тұру мақсатында жазылған. Экстремизм бұл әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Мақаланың мақсатына Қазақстанда экстремизмнің пайда болуына сараптама жасай келе, бұл құбылыстың негізінде жатқан адамдар мүдделерінің қақтығыстары мен тарихи, әлеуметтік-экономикалық, діни айырмашылықтарды анықтау жатады. Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де, экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде әлемдегі эксперттер мыналарды ұсынады: жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сұру деңгейінің күрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы.
Түйін сөз: діни сана, экстремизм, терроризм, исламофобия, діни білім беру








