Каноникалық кітаптар туралы: зерттеу және мәселелер
DOI:
10.26577//EJRS.2022.v29.i1.r7Кілт сөздер:
Коран, Библия, Мухаммед, заповеди, пророкиАңдатпа
Бұл мақалада дін қоғамның барлық салаларына елеулі түрде әсер ететін маңызды әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қарастырылады. Тұлғаның рухани жетілуі оның қалыптасуындағы маңызды фактор болғандықтан, дін мың жылдар бойы басты назарда болып келеді. Қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде дін адамдардың мінез-құлқына белсенді әсер етеді. Кез келген дін қоғамның әлеуметтік нормаларының ерекше түрі - діни нормаларды білдіретін белгілі бір мінез-құлық ережелерін белгілейді. Бұл нормаларды дінге сенуші адамдар табиғаттан тыс күштердің, не олардың жер өкілдерінің өкімі ретінде қарастырады. Әр түрлі діндердің қасиетті кітаптарында бұл нормалар құдайдың заңдары, жарғылары және т.б. деп аталады. Бұл нормалардың қасиеттілігі ерекше атап өтіледі. Құран мен Інжіл екі ірі монотеистік діннің қасиетті кітаптары ретінде бірқатар ұқсастықтар мен айырмашылықтарға ие. Бұл жұмыста ислам мен христиан діндерінің маңызды бастапқы көздерінің салыстырмалы аспектілерінің кейбір мәселелерін жаңа ұстаным жағы ретінде жария етуге әрекет жасалды. Мақаланың мақсаты олардың бастапқы көздері мен өзара байланыстарын анықтай отырып, бірқатар құран және библия туындыларының мағыналарын зерттеу болып табылады. Дін соңғы уақытта әлеуметтік-саяси процестерге анағұрлым елеулі ықпал ете бастады. Құранды терең зерделеу исламның ғылым саласымен байланысына және осы діннің мәнін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.
Түйін сөздер: Құран, Библия, Мұхаммед, өсиеттер, пайғамбарлар








