Түркі мақал-мәтелдеріндегі тәңірлік идеясы

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2021.v27.i3.r5

Кілт сөздер:

paremiology, old Turkic manuscripts, Turkic languages, theonym, the idea of Тengrism

Аңдатпа

Түркі халықтары бір тамырдан тараса да, наным-сенімдері бірыңғай емес, сол себепті түркі халықтарының діни сенімдерін зерттеу күрделі. Дінтанымдық түркітанудың зерттеу парадигмасының аса ауқымдылығын танытады. Әр түрлі  діни көзқарастағы түркі халықтарының белгілі бір дінді қабылдауының тарихи-саяси факторларын ғылыми тұрғыдан саралап, тегі бір болса да діни жіктеліске түскен түркілердің ортақ құндылықтар жүйесін айшықтап көрсету, генеалогиялық-тілдік тектестігіне қарай  орттақ мүддеге топтастыру теологиялық түркітанудың стратегиялық бағытын айқындайды.. Мақала қазіргі түркілер дүниетанымындағы Тәңірлік идеясының іздерін түркі мақал-мәтелдерінің мазмұны арқылы анықтауға бағытталған. Жалпытүркілік мифологиялық дүниетаным мен діни дүниетанымның сабақтастығы, өзара ықпалдастығы біртұтас паремиологиялық мағына мен тірек сөздердің семантикалық аясы негізінде сараланады. VI-IХ ғaсыp түpкi жaзбa ескеpткiштеpi тіліндегі - Тәңipлiк идеясы  атрибуттарының  ислам дінін ұстанатын қазіргі түркі халықтары (қазақ, қарақалпақ, қырғыз, татар) мақал-мәтелдерінің мазмұнынан да көрініс беретіні нақтыланады. Мақал-мәтелдер құрамындағы «Тәңip», «Aллa», «Құдай» теонимдерінің  синонимдік мағынасы мен ортақ символдық мәндері талданады. Тірек сөздің семантикалық ерекшеліктерінің паремиологиялық мағынаға әсері қарастырылады. Түркі халықтарының діни-мифологиялық сенімінің негізін құрайтын Тәңірлік пен ислам дінінің  сабақтастығын тілдік бірліктер арқылы  зерттеу түркітанудың  маңызды проблемасы ретінде өзектеледі.

Түйін сөздер: паремиология, көне түpкi жaзбa ескеpткiштеpi, түркі тілдері,  теoним,  Тәңipлiк идеясы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies