Түркістан епархиясы-ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесінің мұсылмандарын рухани отарлау саясатының жетекшісі

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2021.v28.i4.r5

Кілт сөздер:

religion, Islam, Christianity, anti-Muslim mission, Russian Empire

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесі мұсылмандарының рухани отарлауы бойынша Түркістан епархиясының қызметі талданады. Зерттеу барысында епархияның мұсылмандыққа қарсы миссиясының негізгі бағыттарын жүзеге асыру процесі қайта құрылды, мұсылман халқын мәдени-діни қайта тәрбиелеуге, білім беру саясаты мен миссионерлік қызметке байланысты мәселелерде Түркістан епархиясының ауқымды жобасының негізгі аспектілері зерттелді. Мақаланың әдіснамасы тарихи және ғылыми танымның объективті принциптері негізінде жазылған. Дереккөздермен жұмыс жасауда логикалық, проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы және жүйелі зерттеу әдістері қолданылды. Оларды пайдалану Түркістан епархиясының жалпы империялық мемлекеттік-конфессиялық бағытты жүзеге асырудағы маңызды рөлін негіздеуге, зерттеу кезеңінде исламға қарсы насихаттың жүзеге асырылуына айтарлықтай әсер еткен факторларды анықтауға мүмкіндік берді.Авторлар Түркістан епархиясы ресми деңгейде бекітілген христиан діні мен орыстандыру саясатын, мұсылман халқын христиан ағарту саясатын белсенді жүргізді деген қорытындыға келді. Бұл мәселені шешудің негізгі құралдарының бірі епархияның миссионерлері жүргізген исламға қарсы насихат болды. Түркістан епархиясы өлкедегі рухани-білім беру мекемелерінің қызметіне бақылау орнатуға күш салып, православие шіркеуінің рухани құндылықтары негізінде Қазақстанның көпконфессиялы халқының бірігуіне ықпал етті. Мұсылманға қарсы миссияның түпкі мақсаты Ресей империясының жергілікті тұрғындар арасында беделін нығайту болды.

Түйін сөздер: дін, ислам, христиан, мұсылманға қарсы миссия, Ресей империясы.

Автор өмірбаяны

  • G. Zhuman, Saken Seifullin Kazakh Agrotechnical University

    Жуман Гульмира, т.ғ.к, доцент                                                                               

    С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  университеті

    Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан,

    E-mail: guliktim@mail.ru            

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies