Қазіргі Қазақстанның рухани саласындағы діни экспансияның көріністері мен алғышарттары
DOI:
10.26577//EJRS.2021.v28.i4.r2Кілт сөздер:
religious expansion, evangelism, Islamization, virtual services, cyberspaceАңдатпа
Мақалада жаһандану толқынымен қатарласып келіп жатқан діни экспансия мәселесі қарастырылған. Әсіресе оның ақпараттық, «диджитализацияланған» цифрландырылған қоғамдағы кең етек жаюына негіз болып отырған алғышарттары мен қоғамдағы орны және салдарына талдау жасалынады. Рухани өмірдің жан-жақты салаларын қамтып, адам санасын жаулау арқылы кіріп жатқан діни экспансияның евангелизация мен исламдандыру көріністеріне сипаттама беріліп, олардың ақпараттық қоғамда даму үдерістері қарастырылады. Білім беру, қайырымдылық көмек, медициналық жәрдем беру сияқты гуманистік мақсаттарды алға қойған және діни сенімді таңдау еркіндігі сияқты ұстанымдарды ұран ете отырып, діни экспансияның адам санасын жаулауда түрлі әдістер мен тәсілдерді игеріп, жүзеге асыру үшін заманауи технологияларды да пайдалануда. Ал заманауи технологиялардың мүмкіндіктері діни ұйым сайттарының формалары мен пайдалану аумақтарының ауысып отыруына негіз болады. Мақалада неохристиандық, жаңа исламдық, неоориенталистік ағымдардың діни экспансиялауындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани астарлары мен негізгі объектілері қарастырылып, интернет кеңістіктігі мен әлеуметтік желілерде жүргізетін миссионерлік әрекеттеріне, оның жастардың діни санасын қалыптастыруға ықпал ететін факторларына дінтанулық талдау жасалады. Сонымен қатар, киберкеңістіктегі діни экспансия ерекшеліктері айқындалып, олардың заманауи қазақстандық қоғамдағы көрінісіне сипаттама беріледі.
Түйін сөздер: діни экспансия, евангелизация, исламизация, виртуалды қызмет, киберкеңістік.








