Тарикаттың ерекшелігі – шындықты мистикамен ұғыну жолы

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2021.v28.i4.r1

Кілт сөздер:

Sufism, tariqa, sharia, maarifa, haqiqa

Аңдатпа

Алланы феноменальды және материалдық әлемде түсінуге байланысты тариқат мәселесі сопылықтың түйіні болып табылады. Ол «Мен» және «Сен» мәнін, сондай-ақ адам мен Құдай арасындағы қарым-қатынасты ашады. Сопылық іліміне сәйкес, адам сезімтал, азап шеккен тіршілік иесі болып табылады және оған лайық болған осы азаптың себебі – нафс деп аталады. Бұл құмарлық, қорқыныш, жердегі тіршілікке деген сүйіспеншілік. Адамның міндеті – өзін нафстен босату, ол үшін тариқат, яғни адамның өзін-өзі жетілдіру жолы қажет.  Мақалада тариқаттың ерекшеліктері, оның кезеңдері – шариғат, тариқат, маарифат және хақиқат терминдері кеңінен ашылады. Осы кезеңдердің әр қайсысының өзіндік таным формалары бар, олар символдық түрде әртүрлі сұйықтықтар – су, сүт, бал және шарап арқылы беріледі. Білімнің бұл формалары кезеңдер мен мақамамен, тұрақтармен тығыз байланысы талданады, олардың әрқайсысы Құдайды білу жолындағы белгілі бір моральдық-психологиялық жағдайларды білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде бар тариқатқа әртүрлі көзқарастар қарастырылады. Осы күрделі мәселені қарастыру принциптеріне, әдіснамасына ерекше назар аударылады. Құдайды мистикалық түсіну жолын зерттеу кезінде авторлар деректану әдебиетіне сүйенді. Осы зерттеудің құндылығы, оның практикалық маңыздылығын ашылады. 

Түйін сөздер: суфизм, тарикат, шариғат, мәрифат, ақиқат, нәфсі, фана.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies