Ақпараттық әлемдегі ислам мәдениетінің даналығы
DOI:
10.26577//EJRS.2021.v28.i4.r10Кілт сөздер:
мудрость, цифровая среда, информационное общество, современная культура, исламская культураАңдатпа
Адамның діни өмірі үлкен мазмұнға толы. Оның негізі болса өзін танытатын өзінің ішкі құмарлықтары мен күнәларымен күресуден тұрады. Ешбір дін экстремизм мен зорлық-зомбылықты мойындамайды. Кез-келген шынайы діннің түп негізінде ізгілік, әділеттілік, бейбітшілік пен достық идеялары жатыр. Мүміннің жүрегіне барлық бұрыс жолдар қақтығыстарға алып келеді. Белгілі бір діннің негіздерін білу дұшпандықтан аулақ болуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада мұсылман діні мен мұсылман мәдениетіне достық пен бейбітшілікті дамытудың факторлары ретінде дана әрі барынша назар аударуға лайықты құбылыс ретінде қысқаша талдау жасалады. ХХІ ғасыр жағдайында бейбітшілік пен достықтың мағынасын дұрыс түсіну аса маңыздылыққа ие. Дәл қазіргі кезең – үлкен өзгерістердің уақыты келген кезең. Қазіргі қоғам руханиятсыздық дағдарысынан аман өтуі керек. Сондай-ақ, біздің пікіріміз бойынша, бұл дағдарыс өтіп жатыр, халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықтың уақыты басталады, дана адамдардың уақыты келеді, даналық дәуірі жақындап келеді. Мақалада ислам мәдениеті мен исламдық дүниетанымды зерттеу негізінде дәстүрлі құндылықтардың қазіргі цифрлық (интерсубъективті, күйреген, бет-әлпетсіз) әлеуметтік кеңістіктегі халықтың дамуы үшін маңызы анықталады.
Түйін сөздер: даналық, цифрлық орта, ақпараттық қоғам, заманауи мәдениет, ислам мәдениеті.








