Қазақстандағы исламдық қаржыландыру индустриясы: өткені мен бүгіні
DOI:
10.26577//EJRS.2022.v29.i1.r8Кілт сөздер:
Islamic finance, Kazakhstan, challenges, legal framework, master planАңдатпа
Қазақстан Орта Азия мемлекеттерінің арасында бірінші болып исламдық қаржыландыру индустриясын дамытуға ұмтылыс жасап, осы салада заңнамалық-құқықтық база қалыптастыруды қолға алған мемлекет. Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржыландыру индустриясының өткен тарихы мен бүгінгі даму қарқыны зерделенді. Бірінші бөлімде Қазақстанда жүзеге асқан исламдық қаржы саласындағы тәжірибелер мен оқиғалар хронологиялық тәртіпте келтіріліп, оларға тарихи талдау жасалды. Екінші бөлімде еліміздегі исламдық қаржыландыру индустриясы бойынша орын алған заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар, түрлі институционалды бастамалар, индустрияны дамыту үшін қабылданған жол карталары сыни талдау әдісін қолдану арқылы зерттелді. Еліміздегі 2012 – 2020 исламдық қаржыны дамытуға бағытталған стратегиялық жол картасында белгіленген жоспардың орындалу барысына баға беріліп, 2020 – 2025 жылдарға арналып бекітілген жаңа жол картасының мазмұны талдауға алынды. Зерттеу нәтижесі Қазақстан нарығының көлемі исламдық қаржыландыру индустриясын дамыту бағытында жүзеге асқан түрлі реформалар мен бастамаларға қарамастан әлі күнге дейін діттеген межеге толық жетпегендігін көрсетті. Талдау нәтижесінде елдегі исламдық қаржы саласының қарқынды дамуын тежеуші мынандай факторлар анықталды: 1) исламдық қаржы бойынша құқықтық инфрақұрылымның әлі толықтай жетілмеуі; 2) қаржы институттарының құрылуы мен қызмет етуіне байланысты заңнамалық талаптардың күрделілігі; 3) сала бойынша маманданған кадр әлеуетінің жетіспеушілігі; 4) жергілікті халықтың исламдық қаржы өнімдері туралы ақпараттану деңгейінің төмендігі.
Түйін сөздер: Исламдық қаржыландыру, Қазақстан, кедергілер, құқықтық инфрақұрылым








