«Иршад ал-Мулуук уа ас-Салатиин» еңбегіндегі діни дүниетанымдардың ислам мәдениетіндегі көрінісі

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2023.v33.i1.r7

Аңдатпа

Мақалада ортағасырлық түркі дүниетанымының көрінісі, түркі рухани мәдениетінің ислам әлеміне әсері мен өзара сабақтастығы, түркілерден шыққан қыпшақ этностық тобының тілдік ерекшеліктері мен олардың ислам мәдениетімен байланысы, түркі тілінің кең ареалға таралғандығы мен қоғамдағы алатын орны, ислам әлемінде қыпшақ тілін үйрету, оның тілдік және грамматикалық ерекшеліктері ескеріліп оқытылғандығы, қыпшақ тілінің ислам әлемі қоғамдық қатынасында маңызды рөл атқарғандығы қарастырылады. Сол кезеңде (XIVғ.) жазылған араб тіліндегі діни еңбектердің түсіндірмесі ретінде қоғамда қыпшақ тілінде де діни трактаттардың жазылғандығы, олардың түпнұсқалары мен көшірмелері, заманындағы діни-бағыттық трактаттар мен классикалық әдебиеттердің қыпшақ тіліндегі аудармасы талқыланады. XIV ғасырда қыпшақ тілінде жазылған «Иршәдул-мулук уәс-салатин» еңбегі түркі тілі мен әдебиеті тарихында ең маңызды еңбек болғандығы, ондағы түркі мәдениеті мен дүниетанымының ислам әлемімен сабақтасқандығы, бұл діни трактатта терминдердің басым бөлігінің қыпшақ тілінде берілгендігі талқыланады. Сонымен қатар еңбектің тек қана түркілер арасында емес, тұтастай ислам әлемінде маңызды еңбектің біріне айналғандығы талқыланады. Қолжазба Александрия әмірі Сайфи Баджман бұйрығымен қыпшақ тілінде жазылғандығы туралы мағлұмат беріліп, қолжазба мәтіндеріне герменевтикалық және текстологиялық талдаулар жасалады.

Түйін сөздер: түркі әлемі, ортағасырлық қыпшақ кеңістігі, ислам мәдениеті, түркі дүниетанымы, қыпшақ тілі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-03-16

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies