Діни қауымдастықтардың интернет-кеңістігіндегі ақпараттық-насихаттық қызметі
DOI:
10.26577//EJRS.2022.v29.i1.r3Кілт сөздер:
Information and Propaganda Services, Religious Community, Religious Association, Internet Space, PropagandaАңдатпа
Мақалада діни қауымдастықтар мен бірлестіктердің интернет-кеңістігіндегі ақпараттық-насихаттық қызметінің ерекшеліктері қарастырылады. «Ақпарат» және «насихат» ұғымдарының мәні талданады, ақпарттық-насихаттық қызмет туралы әлеуметтік-құқықтық дискурс негізінде зерделенеді. Діни қауымдастықтар мен бірлестіктердің үгіт-насихаттарының интернет-кеңістігіндегі тәсілдері және ерекшеліктері сараланады. Ақпарттық-насихаттық қызметтің сипаттық белгілері мен шектен шыққан әрекеттерінен төнген қауіп-қатерлер ашылады. Елімізде қызметіне сотпен шектеу қойылған діни-экстремистік және террористік ұйымдардың интернет арналары арқылы үгіт-насихат жүргізу ерекшеліктері, жақтастарын қашықтан ақпараттандыру тәсілі туралы мәселелер қарастырылады. Сондай-ақ ғылыми мақалада діни қауымдастықтар өз идеологияларының интернет-кеңістігінде таралуына ықпал ететін үгіт-насихаттарға аса көңіл бөлетіндігі және ақпарат тарататын медиа-сайттар құруды жөн санайтындығы туралы айтылады. Діни қауымдастықтар мен бірлестіктердің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын діни ақпараттық-насихаттық қызметтің ерекшеліктері көрсетіледі. Интернет-кеңістігін пайдалану арқылы жастардың санасын улайтын, дәстүрлі дінінен, туған елінен, ана тілінен жерінуге, безінуге үгіттейтін діни қауымдастықтар мен діни бірлестіктердің құқыққа қайшы насихат жүргізу көріністері айқындалады. Әлеуметтік желілерді үгіт-насихат құралына айналдырған діни бірлестіктердің ерекшеліктері талданады. Алыс-жақын шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне салыстырмалы талдау жасалынады, баға беріледі және тұжырым шығарылады.
Түйін сөздер: ақпараттық-насихаттық қызмет, діни қауымдастық, діни бірлестік, интернет-кеңістігі, үгіт-насихат








