Қазақстан Республикасындағы діни конверсияның әлеуметтік бірегейлікке әсері

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2022.v31.i3.r6

Кілт сөздер:

religious conversion, social identity, sociology of religion, religious affiliation, phenomenon

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасыр барысындағы діни конверсия үдерістері мен қоғамның діни-рухани саласындағы өзгерістерістерді түсіндірудің әртүрлі концепцияларын ұсынған психологиялық зерттеулерге салыстырмалы талдау жасалады. Діни конверсияның психологиялық себептері мен мотивациялары 1900-1930 жылдар аралығында У. Джеймстің, С. Холлдың, З. Фрейдтің және олардың осы бағыттағы интеллектуалды ізденістерін жалғастырған ізбасарларының еңбектерінде көрініс тапты, алайда кейінгі шектеулер мұндай жұмыстың тоқтатылуына әкелді. Алайда, 1960 жылдардағы қоғам өміріндегі діни үдерістердің қайта жандануына байланысты бұл мәселе қайта белең алды. Содан бері діни конверсияның қарқыны мен ауқымы айтарлықтай кеңейе түсті. Бұл бағыттағы жаңа зерттеулер христиан, ислам, иудаизм діндерімен қатар басқада әртүрлі діндерге ауысуды қарастырады. Жаңа діни қозғалыстар аясындағы діни конверсия уақыты, мотивациясы, контексті және бағыты (соның ішінде, деконверсия құбылысы) бойынша өзгеретін процесс ретінде қарастырылады. Әлемдік діндердің сенім неіздерінің және т.б. компоненттерінің ұқсастығы Стивен Протероға бұл ұқсастықты "отбасылық ұқсастық" деп атауға мүмкіндік береді. "Барлық діндерге рәсімдер, жазбалар, қасиетті күндер мен жиналу орындары кіреді. Діндердің моральдық-этикалық қағидаттарының жалпыадамзаттық құндылықтарға үлкен мән беруі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы ортақ ұстанымдардың орнығуына ықпал етеді. Ибраһимдік діндердің генетикалық жақындығы және жалпы адамзаттық сананың  ортақ гуманистік құндылықтарға бағытталуы, діни таңдау құқының мойындалуы мен діни наным-сенім бостандығы қазіргі діни конверсия мен діни-рухани үдерістердің негізгі трендін айқындайды.

Түйін сөздер: діни конверсия, әлеуметтік бірегейлік, дін социологиясы, діни қатыстылық, феномен

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies