Діндарлану үдерісінің индикаторлары

Авторлар

DOI:

10.26577/EJRS.2022.v30.i2.r3

Кілт сөздер:

indicators of religiousization, postsecularity, religion, religiosity, the functions of religion

Аңдатпа

Діндарлану күрделі процесін әр түрлі факторлар мен жағдайлар анықтайды. Оның Қазақстандағы ерекшеліктері қазіргі заманның әлеуметтік өзгерістермен үндестірілген. Бұл процестің субстантивті негізі менталды мәдениеттің интегралды күйі ретіндегі дәндарлық болып табылады, ол индивидтер, әлеуметтік топтар, жалпы қоғам үшін әртүрлі проекциялар мен детерминацияларға ие. Діндарлықтың мәні, динамикасы, оның ауқымы, векторлығы, әсері діндарландыру процесі ретінде көрінеді және зерттеу нысаны ретінде әрекет етеді. Діндарландыру – әрдайым айқын құбылыс емес, ол нақты әлеуметтік-мәдени елдік жағдайларда пәнаралық мүмкіндіктерді (әдіснамалар, әдістер, практикалар) өзектендіруді талап етеді. Діндарлану факторларын анықтау және индикаторларын, ерекшеліктерін көрсету,  тенденцияларды анықтау, трендтерді талдау үшін нақты әлеуметтік өлшемдердің фактологиялық базасы қажет. Олардың ішінде: діни жағдайға мониторинг жүргізу, діни сәйкестендіруді зерттеу, дін институтының қабылдауды бағалау, оның рөлі мен функцияларын көрсету, саясаттың маңызды субъектілерінің діни процестерге әсерін талдау. Әлеуметтік өлшемдерді талдау, теориялық тұрғыдан қайта құру, тұжырымдамалау қазіргі социогуманитаристиканың көмегімен дін әлеуметтануының институционализациясына ықпал етеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы заманауи діни процесті постсекулярлық жағдайда қазақстандық менталитетті қалыптастыру үшін маңызды құрал ретінде түсінумен байланысты.

Түйін сөздер: дінтану индикаторлары, постсекулярлық, дін, діндарлық, дін функциялары

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies