Дәстүрлі қазақ қоғамындағы дін мен әдет-ғұрып заңдарының байланысы

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2022.v31.i3.r5

Кілт сөздер:

Tradition, Customs, Sharia, Court of Judges, Caliph

Аңдатпа

Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамындағы дін мен әдет-ғұрып заңдарының қарым-қатынасы және өзіндік ерекшеліктері сипатталады. Шешендік өнердің қазақ билер сотындағы орны мен маңыздылығына тоқталады. Қазақ даласындағы құқықтық жүйе, шариғаттың орындалу деңгейі мен сот жүйесіндегі ықпалы. Қазақтың «жол» ережелерінің орындалуы мен билер сотының ерекшеліктері көрсетіледі. Билер соты мен мұсылмандық құқықтағы қазылықты салыстыра талдау жасалады. Қазақ халқының бітім, жүгініс, қанағат жолдары мен шариғат заңдарындағы қадаи, ризаи, сулх, тахким секілді қолданыстардың іс жүргізу мен мәселені шешудегі жұмыс істеу тәртібі мен ережелері салыстырыла талдау жасалады. Хандық билік пен халифаның тағайындалуына қатысты ережелер салыстырыла келе, діни билік пен саяси биліктің қарым-қатынасы талқыға түседі. Діни немесе әдет-ғұрып ережелерінің қонақасы, қылмыс пен оның жазасы секілді кейбір түрлеріне мысал беріледі. Аталған әдет-ғұрып заңдары мен шариғат нормалары арасында салыстырыла зерделенеді. Қазақ тарихының алтын ғасыры деп аталатын кезеңнің қазақ құқығының негізгі қайнаркөздерінің бірі «жеті жарғы» заңын шығарған Тәуке ханды және сол секілді заң шығарған тұлғаларды Левшин Батыстың “Солон”, “Ликург” секілді ғалымдармен салыстырып оларды даланың Солон және Ликургтары деп атайды. Көшпелі өмір мен руларға негізделген құқықтық жүйе тұрғылықты мекен еткен өмірдің саяси және қоғамдық өзгерістері баяу ықпал жасайды. Заңдылықтар табиғатпен, табиғи өмірмен көшіп-қону заңдылықтарына сүйенетіндіктен құқықтық тұрақтылық ұзақ өмір сүреді. Жыл сайын немесе уақыт өткен сайын ауысып отыратын заңдылықтар аз болады. Қазақ даласындағы жер аумағынынң қашықтығына қарамастан көптеген жылдар өтуіне қарамастан нормалар мен ережелер барлық жерде және барлық уақытта бірдей болуы осыны көрсетеді.   

Түйін сөздер: дәстүр, әдет-ғұрып, шариғат, билер соты, халифа.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies