Ақпарат және технологиялар дәуірінде Қазақстандағы адам капиталының дамуы және дін
DOI:
10.26577/EJRS.2022.v30.i2.r1Аңдатпа
Әлемдік саяси бәсекелестік сахнасында Қазақстанның оған тиісті деңгейде төтеп берумен өз орнын таба білуқажеттілігіне орай, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өзіне дамудың жаңа бағытын мақсат етіп алды. Отандық жаңа стратегиялар, мақсат пен міндеттер дүниеге келді: алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер құрамына кіру, өзін құқықтық-демократиялық мемлекет ретінде әлемге таныту, рухани кемелденген қоғам қалыптастыру, ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру, елдің әл-ауқатын жақсарту және т.б. Бұл шындығында еліміздің адам капиталының өмірлік талаптары мен шарттарын басқа қырынан қарастыруды қажет етеді. Түптеп келгенде еліміздегі әрбір тұлғаны капитал ретінде бағалау. Қазақстандағы адам капиталының, соның ішінде рухани капиталдың өзіндік шарттары мен ұстанымдары, нормалары мен өмірлік бағдарларының болуы заңдылық. Ақпараттық қоғамның басты құндылығы – ақпарат, қазіргі кезде, мемлекеттер арасындағы шекараны кедергі көрместен қоғамның дамуына тікелей әсер етуші құралға айналуында. Осы тұрғыда тәуелсіздік алғаннан бері шетелдік ақпараттарды, яғни медиа өнімдерін тұтынушы халықтың сана-сезімі әр кезеңде әртүрлі болатынын көптеген ғалымдар сан салада дәлелдеді. Ал еліміздің басым бөлігі өздерін онымен байланыстыратын сүнни-ханафи бағытындағы дәстүрлі ислам діні заманауи ақпарат ықпалына қандай жауап қайтарады? Адам капиталы тұрақтылығының негізгі факторларының бірі – рухани құндылықтар қазір өз рөлін қажетті деңгейде атқаруда ма? Осы және өзге де сұраққа жауап беру үшін еліміздегі діни институттардағы – мешіттердегі діни қызметкерлер арасында әлеуметтік зерттеу жүргізіліп, жауаптар алынды. Эмпирикалық мәліметтердің талдау нәтижелері ұсынылып отырған мақалада қарастырылған.
Түйін сөздер: ақпараттық қоғам, адам капиталы, рухани капитал, дін, діни құндылықтар








