Қазақстан: банк заңнамасын сақтау, шариғат қағидаттары мен ережелері бар ислам банкингінің бөлігі
DOI:
10.26577//EJRS.2022.v32.i4.r7Кілт сөздер:
Banking, Law, Compliance, Legislation, RegulationАңдатпа
Қазақстан Үкіметі Орталық Азия мен посткеңестік аумақта ең алғашқы болып, елге ислам банкингін ендіру үшін заңнамаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Қазақстан Үкіметі ислам банкингін елде енгізуді бастайды, сондықтан ол қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізеді. Осы зерттеудің мақсаты Қазақстанның банк ісіне қатысты заңдарын, нақты ислам банк ісіне қатысты заңнамаларын, AAOIFI Шариғат стандарттарына сәйкестігін тексеріп, анықтау болды. Қазіргі таңда, Исламдық банк секторы өсу-даму барысында, демек, Қазақстан Үкіметі мен банк жүйесін реттейтін органдар қаржы институттарына ғана емес, исламдық қаржыландыру компаниялары үшін тартымды болып табылатын әрі бәсекеге қабілетті қаржы секторын құруға бағытталуы керек. Исламдық банкинг және Исламдық қаржыландыру арқылы Қазақстанның қазіргі экономикасын дамытуға инвестициялар тартуға және экономиканы қаржыландыруға жәрдемдесу керек. Исламдық банкингті енгізудің басты себебі болашақта қаржылық дағдарыстардың санын азайту және тұрақты экономикалық жүйені құру болып табылады. Исламдақ банк жүйесі елде ең бастысы адамдық құндылықтар мен олардың жеке мүдделерін қорғай отырып, адал табысқа жетеуді мақсат етеді. Соңғы он жылдықта Қазақстанда мұсылмандардың санының артуымен, елде ислам банктері мен ислам қаржы орталықтарына қажеттілік артуда.
Түйін сөздер: банк қызметі, құқық, сәйкестік, заңнама, реттеу.








