Қазақстанда діни мағынадағы экстремистік және лаңкестік идеялардың алдын алудағы дінтанулық сауаттылықты арттырудың рөлі
DOI:
10.26577//EJRS.2023.v34.i2.r3Кілт сөздер:
religious extremism, terrorism, religious literacy, tolerance, traditional religious valuesАңдатпа
Дінтанулық сауаттылыққа келетін болсақ, әрине қазіргі уақытта лаңкестік, экстремистік идеологиялардың негіздерін, олардың қалай пайда болатындығын, неліктен қоғамда, шетелдерде белгілі бір сұраныстарға ие болатын болса, солардың алғышарттарымен себептерін ашып, көрсетуіміз қажет. Сондықтан осы өзекті мәселені діни лаңкестік пен экстремизмнің алдын алуға бағыттауымыз керек. Бұл жерде тек қана дәрістер оқылуымен ғана шектелмей, жастарды салауатты өмір салтына тарту бағытында өте қажырлы қызметтерді жүзеге асыру керек. Мысалы, қазіргі уақытта көптеген Қазақстандағы жасөспірімдердің спорт секцияларына барудың немесе жаңағы әр-түрлі үйірмелерге қатысуға жағдайлары жоқ, көптеген ауылды жерлерде, қалалық жерлерде де айталық бұрыңғы жас техниктер, бұрыңғы пионерлер үйі деген сияқты үйірмелер мүлдем жұмыс істемейді. Сондықтан, біз осындай жасөспірімдерді ғылымға, білімге, техникаға, спортқа тартатын ұйымдардың жұмыс істеуіне көңіл бөлуіміз керек. Өйткені, өкінішке орай мемлекет осындай істермен айналыспайтын болса, лаңкестердің осындай әрекеттермен айналасуы сөзсіз. Сондықтан, біздің жастарымыз өзіміздің еліміздің жастары болып өсу үшін біз бұдан ешқандай қаржыны, ешқандай мүмкіншілікті аямауымыз керек. Міне, сондықтан мектеп жасындағы балаларды көбінесе техникаға, ғылымға бейімделуге барынша жағдайлар жасауымыз керек. Олардың қызығушылығын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруымыз қажет.
Түйін сөздер: Діни экстремизм, лаңкестік, діни сауаттылық, толеранттылық, дәстүрлі діни құндылықтар.








