Әзірбайжанда ислам құндылықтарының таралуындағы сопылықтың рөлі
DOI:
10.26577//EJRS.2023.v35.i3.r9Кілт сөздер:
Islam, Culture, Religion, Sufism, EducationАңдатпа
Мақалада Ислам өркениеті кезеңіндегі Әзірбайжан елінің тарихы зерттеледі. Көптеген тарихи дереккөздер келтіріле отырып, ғылыми зерттеу әдістері арқылы дәлелдене отырып, олардың Әзірбайжандағы ислам мәдениетіне әсері ерекше атап өтіледі. Әзірбайжанның өте көне және бай тарихы бар екені атап өтіледі. Көнеден келе жатқан әрі ислам дінімен біте қайнасқан, бай да сан қырлы Әзірбайжан қоғамының барлық салаларына дерлік және оның тарихына айтарлықтай әсер еткен-ді. Мұның нәтижесінде Әзірбайжан дара мәдени бірегейліктерге ие әрі сан алуан мәдениетті біріктіре алды. Бұған осы елдің мәдениетінің көрсеткіші болатын оюөрнектер мен бұйымдардан куә бола аламыз. Сонымен қатар, авторлар Әзірбайжандағы барлық исламдық кезеңдегі діни құрылымдар, білім, саясат және тарихи дәлелдерді зерттеу нысаны ретінде ала отырып, оның мән-маңызын мақаланың жаңалығы ретінде көрсетеді. Ислам дінінің Әзірбайжан қоғамындағы жаңа тұжырымы да көрсетілді әрі Әзірбайжан аумағында да әрекет еткен сопылық ағымдардың әсері туралы мәлімет қамтылады. Бүкіл мұсылман әлеміне кеңінен жайылған сопылық ілімдері, соның ішінде Сафауидтер, Хуруфия, Сухривардия, Нақышбандия, Халватия тармақтары және олардың ықпалы ерекше атап өтіліп, зерттеу нысаны ретінде талданып, қорытындыланды.
Түйін сөз: ислам, мәдениет, дін, сопылық, білім.








