Қазақстандағы әлеуметтік және экономикалық теңсіздік: діни бірегейліктің контекстік факторы

Авторлар

  • G. Abdiraiymova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0001-6939-9281
  • A. Saimassayeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0003-4138-7283

DOI:

10.26577//EJRS.2023.v35.i3.r1

Кілт сөздер:

социальная структура, социально-экономическое неравенство, религиозная идентичность, вера, религиозное убеждение

Аңдатпа

Қазақстанда 90-шы жылдарының басынан бері жүйелі өзгерістер әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа және халықтың өмір сүру деңгейіне, атап айтқанда жан басына шаққандағы табыс көрсеткішінің төмендеуіне, табыс теңсіздігінің өсуіне айтарлықтай әсер етті.  Халықтың өмір сүру деңгейінің  көрсеткіштері  барлық жүйелік  көрсеткіштердің – макроэкономикалық деңгейлер мен  әлеуметтік индикаторлардың, оның ішінде,   денсаулық  сақтау  және  білім беру  жүйелерінің   әлеуетін  қоса алғанда,  айқын  төмендеу   үрдісімен  қатар  трансформациялық  дағдарыс  белгілері  пайда болды. Соңғы жылдары  елдің әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштерінің  өсуіне қарамастан,  Қазақстанда қалаларға қарағанда  ауылдық жерлерде  теңсіздік пен дифференциацияның деңгейі айтарлықтай дәрежеде әлі де сақталуда.   Осы мақаланың мақсаты ретінде тек әлеуметтік  және  экономикалық теңсіздікті  ғана емес,  осы қатынастың негізінде  жатқан  механизмдерді де  анықтайтын маңызды  фактор  болып табылатын  діни сәйкестікті  зерттеу айқындалды.  Қазақстан барлық өңірлерінде дерлік жүргізілген  әлеуметтанулық зерттеулер діни,  әлеуметтік мәртебе және материалдық  табыс арасындағы  эмпирикалық байланыстарды растайды,  бірақ осындай  заңдылықтардың себептерін анықтайды. Мақала  ҚР  ҒжЖБМ Ғылым  Комитетінің  гранттық қаржыландыруы  шеңберінде дайындалды (АР 19679699 «Қазақстандық жастардың діндарлығы/руханилығы, әл-ауқаты мен бірегейлігі: салыстырмалы  елішілік зерттеу»).

Түйін сөздер: әлеуметтік құрылым,  әлеуметтік-экономикалық теңсіздік,  діни  бірегейлік,  сенім, діни наным.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies