Әл-Фараби және түркі ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам идеясы

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2023.v35.i3.r4

Кілт сөздер:

Turkic scholars, values, religious education, personality, virtuous person

Аңдатпа

Бүгінгі таңда әл-фараби және түркі ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам идеясы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сараптамалық талдаулар бірнеше ғылым саласында жан-жақты қарастырылып отыр. Ізгі адам бұл   қоғамдық-тарихи   дамудағы имандылық тәрбиенің өнімі.   Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Бұл көзқарас зерттеулердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Авторлар ізгі тұлғаға бағытталған құндылықтарды (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану, ізгілі пен қайырымдылық және т.б.)  түркі ғұламаларының мұралары негізінде қарастырады. Сонымен, әл-Фараби және түркі ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам бұл, біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және діни тәрбиенің синкреттілігінің негізі болып табылады.

Түйін сөздер: Түркі ғұламалары, құндылықтар, діни тәрбие, тұлға, ізгі адам.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies