Діннің интеграциялық және дезинтеграциялық функциялары: қазақстандық зерттеулер мысалында

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2024.v38.i2.r6

Аңдатпа

Мақалада қазақтандық қоғамдағы діннің интеграциялық және дезинтеграциялық функциялары талданады. Авторлар бұл мәселені отандық ғалымдардың  зерттеулеріне сүйене отырып ашуға тырысады. Қазақстан тарихындағы тәңіршілдік пен исламның эволюциясының қазақ халқының діни дүниетанымының қалыптасуындағы орынын анықтау мақсатында ХІХ ғасырдағы ағартушылардан бастап, қазіргі кезеңдегі ғалымдардың көзқарастары сарапталады. Зерттеуде салыстырмалы – тарихилық және құрылымдық-функционалдық әдіс арқылы аталған діндердің қоғамның әлеуметтік-рухани дамуына әсер ету әлеуеті анықталады. Мақалада қазіргі саясиланған радикалды исаламдық бағыттардың әрекеттерінің салдарынан  дәстүрлі исламның беделіне қатысты қайшылықты көзқарастардың болуы туралы, елдегі  исламофобияның өсуі, қоғамдағы білім мен діни сауаттылықтың төмен деңгейі туралы мәселе көтеріледі. Сонмен қоса, қоғамда қазақтардың ежелгі сенімі тәңіршілдікті ғылыми таныммен сабақтастырып оның мазмұнын өзгертуге тырысқан топтардың және неопротестанттық діни бірлестіктердің миссионерлік қызметтерінің белсенділік танытуы атап көрсетіледі. Зерттеу барысында авторлар Қазақстандағы діндердің қызметтерінің нәтижесінде халықтың діндарлық деңгейі өсті, этноконфессионалды құрылымы өзгеруде және исламофибиялық, исламдық радикалдық идеологиялардың таралу үрдістері бар деген қорытындыға келеді. Еліміздегі діни тұрақтылық пен рухани бірлікті сақтау үшін мемлекет дін турaлы  білімді орта мектепте, aрнaулы және жоғaрғы оқу орындaрындa беруді іске асыруы керек және де қоғамдағы дәстүршілдік пен жаңашылдық арасындағы қайшылықтарды шешудің жолдарын беретін ғылыми концепциялар жасақтау ұсынылады.

Түйін сөздер: дін, қазақ қоғамы, діни интеграция, дезинтеграция, тәңіршілдік, ислам, дәстүр

Автор өмірбаяндары

  • Ә. Мұқан, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Мұқан Әйгерім – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты

  • Н. Мұқан, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Мұқан Нұрзат – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы

  • М. Жүзей, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Жүзей Мырзахмет Аманқұлұы –  PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-06-19

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies