Әйелдер арасында дерадкикализациялау жұмыстарын жүргізудің негізгі аспектілері

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS20254223

Аңдатпа

Зерттеу тақырыбы  «Әйелдер арасында дерадикализациялау жұмыстарын  жүргізудің негізгі  аспектілері» болып табылады. Бұл зерттеуде әйелдер арасында радикализацияның алдын алу және оларды қайта тәрбиелеу шараларының тиімділігін талдау мақсаты қойылды. Жұмыстың негізгі бағыты әйелдерге арналған дерадикализация бағдарламаларын зерттеу, олардың жұмыс істеу механизмдерін және өзекті мәселелерін қарастыру. Зерттеудің ғылыми маңызы деррадикализацияның әлеуметтік және психологиялық аспектілерін, сондақ-ақ теологиялық түзету мен әлеуметтік оңалту әдістерін зерделеу арқылы әйелдер мен қоғам арасындағы байланысты жақсартуға мүмкіндік береді. Практикалық маңызы, осы бағыттағы әдістерді жетілдіру, қоғамға қайта интеграциялау үшін тиімді бағдарламалар мен шешімдер ұсынуда көрініс табады. Зерттеу әдіснамасында салыстырмалы талдау, кейс-зерттеу әдістері қолданылады. Әдебиетке шолу, халықаралық ұйымдар мен деректердің, радикализация және дерадикализация тақырыбындағы мақалалар мен құжаттарды терең зерттеу жүргізілді. Бұл әдіс зерттеліп жатқан мәселенің кең ауқымын түсінуге, әлемдегі әртүрлі жағдайлардағы қазіргі уақытта қолданылып жүрген әр түрлі тәсілдер мен модельдерді анықтауға мүмкіндік берді. Негізгі нәтижелер мен талдауда дерадикализациялау бағдарламаларындағы теологиялық түзету мен әлеуметтік психологиялық жұмыстың маңыздылығы, әйелдер мен балалардың әлеуметтік оңалтудағы рөлі айқындалды. Жұмыстың қорытындылары негізінде әйелдер арасында дерадикализациялау жұмыстарын жетілдіру, әлеуметтік оңалту, психологиялық көмек көрсету және дерадикализация бағдарламаларының қоғамға ықпалына қатысты ұсыныстар жасалды. Бұл зерттеу әйелдер арасында радикализацияны жеңу және олардың қоғамға тиімді интеграциялануына бағытталған маңызды ғылыми және практикалық құндылыққа ие.

Түйін сөздер: дерадикализациялау, діни экстремизм, әйелдер, террористік топтар, әлеуметтік реинтергация

Автор өмірбаяндары

  • Н. Жетпісбай, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Жетпісбай Назерке – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, email: naziko_96.96@mail.ru).

  • Ұ. Қалякбар, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Қалякбар Ұлдана Наурзбайқызы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, email: umka_993@mail.ru).

  • К. Бишманов, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы (корреспондент автор) – заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессор міндетін атқарушы (Алматы, Қазақстан, email: bkm58@mail.ru).

  • Д. Ачилов, University of Massachusetts Dartmouth, Massachusetts, USA

    Ачилов Дилшод – Дартмут Массачусетс университетінің қауымдастырылған профессоры (саясаттану) (Массачусетс, АҚШ, e-mail: dachilov@umassd.edu).

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies