Терең-ұқсастық метафорасы негізінде исламдық әдіснамалық тәсілдерге рефлексия

Авторлар

  • T. Седанкина Российский исламский институт, Казань, Республика Татарстан, Россия https://orcid.org/0000-0001-5241-6479

DOI:

10.26577//EJRS202541110

Аңдатпа

Мақалада исламдағы методологиялық дәстүрлерге терең рефлексия жасалады. Бұл рефлексияны жүзеге асыру үшін метамодерн тұжырымдамасынан алынған «тереңдік ұқсастығы» (depth-likeness) метафорасы қолданылып отыр. Исламдық ой кеңістігінде қатар өмір сүріп жатқан, кейде бір-біріне мүлдем қарама-қайшы болып көрінетін әдістемелік тәсілдердің барын ескере отырып, оларды бір ғана әмбебап әдістемелік жүйеге сыйғызу – ғылыми таным шекараларын тарылтып қана қоймай, теологиялық ойдың өз өміршеңдігін жоғалтуына да әкелуі мүмкін екендігі атап өтіледі. Зерттеудің алғашқы бөлімінде саляфтар, мутакаллимдер, сопылар мен мұсылман фәлсәфашыларының методологиялық бағдарлары талданады. Олардың барлығы дәстүрлі риуаяттарға сүйенсе де, бұл дәстүрді ұғыну мен қолдану тәсілдері әртүрлі – осы айырмашылықтар ислам әдіснамасындағы терең ішкі келіспеушіліктерді тудырады.Осымен қоса, мақалада ислам дәстүріне деген қатынастың тарихи-философиялық эволюциясы сараланып, фундаменталистік, консервативтік, модернистік, неомодернистік және қазіргі қалыптасып келе жатқан метамодерндік көзқарастардың айырмашылықтары ашылады.«Тереңдік ұқсастығы» метафорасын қолдану арқылы исламдық әдіснамалық тәсілдер болмысты танымның әртүрлі қабаттарымен салыстырылады. Бұл тәсіл исламдық таным жүйесінде тек әдіс қана емес, теологтың бүкіл дүниетанымын, оның болмысқа, Құдайға және адамға деген қатынасын айқындайтын іргелі негіз деген тұжырым жасалады.

Түйін сөздер: исламдық әдіснамалық дәстүрлер, консерватизм, исламдық модернизм және неомодернизм, метамодернизм, тереңдік-ұқсастық.

Автор өмірбаяны

  • T. Седанкина, Российский исламский институт, Казань, Республика Татарстан, Россия

    Седанкина Татьяна Евгеньевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей Ислам институтының жүйелі теология кафедрасының меңгерушісі (Қазан, Татарстан Республикасы, Ресей, e-mail: tatiana-svetlaya@mail.ru).

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Foreign publications