Дін мен тіл қоғамдық сана құрылымындағы негізгі категориялар ретінде

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS20254335

Аңдатпа

Бұл зерттеу дін мен тілдің қоғамдық сананың қалыптасуындағы рөлін және олардың арасындағы өзара байланысты тереңірек түсінуге бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаты – дін мен тілдің қоғамдық санаға әсер ету механизмдерін анықтау және осы процестің әлеуметтік, мәдени және тарихи аспектілерін талдау болып табылады. Зерттеу барысында дін мен тіл ұғымдарының анықтамасы беріледі, қоғамдық сананың құрылымы мен қызметі сипатталады. Сонымен қатар, әртүрлі тарихи кезеңдерде және әртүрлі мәдениеттерде дін мен тілдің қоғамдық санадағы рөлінің ерекшеліктері салыстырмалы талдау жасала отырып қарастырылады. Зерттеу нәтижелері дінтану, әлеуметтану, психология және лингвистика сияқты ғылыми салалар үшін теориялық маңызды болып табылады. Сонымен қатар, осы зерттеудің нәтижелері мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, сондай-ақ әртүрлі этникалық топтар арасындағы өзара түсіністікті арттыруда пайдалы болуы мүмкін. Зерттеу барысында әдебиетті жүйелі түрде талдау, салыстырмалы талдау, бақылау сияқты әдістер қолданылды. Зерттеу барысында дін мен тілдің қоғамдық сананың негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылатындығы анықталды. Сонымен қатар, дін мен тіл қоғамдық өзгерістердің бағытын анықтайтын маңызды факторлар болып табылатындығы дәлелденді. Бұл зерттеу дін мен тілдің қоғамдық санаға әсер ету механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және осы саладағы отандық зерттеулерге жаңа үлес қосады. Зерттеу нәтижелері әртүрлі салаларда, соның ішінде білім беру, мәдениет, саясат және діни қатынастар салаларында қолданылуы мүмкін.

Түйін сөздер: дін, тіл, қоғамдық сана, діни сана, мәдениет

Автор өмірбаяндары

  • А. Әубәкірова, Egyptian University of Islamic Culture Nur-Mubarak, Almaty, Kazakhstan

    Әбубәкірова Арайлым Есімханқызы – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: a.abubakirova.work@gmail.com).

  • A. Дүйсенбаева, Egyptian University of Islamic Culture Nur-Mubarak, Almaty, Kazakhstan

    Дүйсенбаева Альбина Құрақбайқызы (корреспондент автор) – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы (Алматы, Қазақстан, e-mail: albina87.03@yandex.kz).

  • Д. Дильбарханова , Khoja Ahmed Yasawi International Kazakh-Turkish University, Turkestan, Kazakhstan

    Дильбарханова Дана Адепхановна – магистр, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Морфология және фармакология кафедрасының аға оқытушысы (Шымкент, Қазақстан, e-mail: d.dilbarkhanova@gmail.com).

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies