Шортанбай Қанайұлының поэзиясындағы діни дискурс: теолингвистикалық талдау

Авторлар

  • Р. Мұхитдинов Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан
  • Б. Бердімұрат Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан
  • М. Махмет Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан
  • Д. Махиудин Малая университеті, Куала-Лумпур, Малайзия

DOI:

10.26577//EJRS46220267

Аңдатпа

Халықтың руханияты мен діни бағыты, ұлттық ерекшеліктері ғасырдан ғасырға әдеби мұра арқылы жетіп отырған. Ақындар өлең тілімен насихат, тәлім-тәрбие, құқық пен діни құндылықтарды көркем бейнеде ұсынған. Осы орайда қазақ халқының ислам дініне қатысты көзқарасы мен рухани практикасының поэтикалық бейнесі ақын-жыраулардың поэзиясынан көреміз. Соның бірі он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген Шортанбай Қанайұлы. Шортанбай ақын ғана емес, сонымен қатар діни қайраткер болған. Бұл мақалада Шортанбай Қанайұлының поэзиялық туындыларының бірі «Атамыз Адам пайғамбар» деп басталатын өлеңіне теолингвистикалық талдау жасалады. Бұл өлеңде діни танымдар және ғибадаттар, адам баласының рухани болмысы, сонымен қатар өмірдің өткіншілігі ұлттық таныммен ұштастырыла баяндалған. Теолингвистикалық жағынан алғанда, өлеңде ислам парыздары, Құдайға сенім және дүниенің жалғандығы секілді діни концепттер негізге алынған. Мақалада ақынның қолданған ислами терминін ислам әдебиетінен мысалдар беріледі. Сонымен қатар исламда сакралды қайнар көз саналған Құран мен сүннеттен де мысалдар ұсынылады. Ақынның өлеңіндегі қолданылған метафоралар, бейнелі сөздерді де талдап түсіндіретін боламыз. Ислами терминдердің анықтамасы анық, түсінікті тілде ұсынылады. Бұл мақала арқылы қазақ ұлтының діни нанымы, ұлттық құндылықтары анық түсіндірілген. Қазіргі салааралық зерттеулер аясында дін мен тілді, дін мен әдебиетті бірге қарастырып, ақындардың жырлары арқылы мұсылмандық қазақ ұлтының негізгі ұстанымы болғанын, ұлттық нанымы мен діні біте қайнасқанын көрсетеді.

Түйін сөздер: әдебиет, рухани, Құдай, пейіш, тамұқ

Автор өмірбаяндары

  • Р. Мұхитдинов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    Мұхитдинов Рашид Сражұлы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті исламтану кафедрасының доценті, Алматы, Қазақстан, e-mail mukhitdinov.rashid@gmail.com

  • Б. Бердімұрат, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    Бердмұрат Бекболат (корреспондент  автор)  – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті исламтану кафедрасының PhD докторанты, Алматы, Қазақстан,  e-mail bekbolat.berdmurat@mail.ru 

  • М. Махмет, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    Махмет Мұратхан – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті дінтану кафедрасының аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан, e-mail: Murat919@gmail.com

  • Д. Махиудин, Малая университеті, Куала-Лумпур, Малайзия

    Махиудин Дауд Әли – философия ғылымдарының докторы, Малaя университеті ислам ілімдері академиясының оқытушысы, университетке дейінгі дайындық факультеті деканының орынбасары,  Куала-Лумпур, Малайзия, e-mail muhyi@um.edu.my

Жарияланды

2026-06-20