Қазақстандағы діни толеранттылық мәдениетінің қалыптасу мәселесі туралы
DOI:
https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-1-102Аңдатпа
Қазақстандық қоғам үшін діни толеранттылық мәдениетті қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Берілген мақалада авторлар қазақстандық қоғамдағы діни толеранттылық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мәселелерін анықтауды көздеп отыр. Авторлар қазақстандық қоғамдағы толеранттылықты қалыптастыру қажеттілігін көрсеткен. Конфессияаралық және этникааралық қатынастағы толеранттылық принциптерінің қалыптасуын анық көрсеткен.
Авторлар этникааралық пен конфессияаралық қатынастағы діни толеранттылықтың қалыптасу маңыздылығы мен күрделілігін көрсеткен. Авторлар жаһандану және жаңғыртудың этникааралық пен конфессияаралық қатынасқа ықпалын белгілеген. Авторлар қоғамда бар кейбір қауіп – қатерді атап көрсеткен.
Мақалада студенттер арасындағы толеранттылық мәселелеріне қатысты әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынған, осы мәселені шешу қажеттілігін түсіну үшін авторлар бірқатар ұсыныстар жасаған.
