Дұға феномені

Авторлар

  • Kairat Zatov
  • Aygerim Nurlan

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-1-103

Аңдатпа

Дұға феномені

Мақалада әлемдік және ұлттық діндердің маңызды элементі – дұға феноменіне дін психологиясы мен феноменологиясы тұрғысынан дінтанулық талдау жасалған. Мақалада автор дұғаның діни ілім мен ғибадат контексінде қарастыра отырып, оның өзіндік ерекшеліктерін ашуға талпынады. Сонымен қатар дұға үдерісінің кезеңдері мен типтерін айқындай отырып, автор оның жеке тұлға мен діни топ діндарлығының қалыптасуындағы орнын көрсетіледі.

Авторлар дұғаның пайда болып, дамуын талдаған авторлардың көзқарастарына тоқтала отырып, дұғаның қайнар көзін адамның қасиеттілікке деген қатынасымен байланыстырады. Адамның тылсым күшке, қасиеттілікке қатынасы дұғаның негізінде жатады және оның мәндік ерекшелігін құрайды. Сонымен қатар авторлар дұға феноменін қазақ халқының дәстүрінде кең көрініс тапқан батаменде салыстыра қарастырады. Батаның бастапқы мағынасы (көне түркілік дүниетаным мен наным-сенімдердегі мәні)  дұғамен сәйкес келгенімен, кейін (исламның таралуы мен орнығуы кезеңінде) оның дұғалық сипаты кейінге ығыстырылып, бата дінмен тікелей байланысты емес күнделікті тұрмыстық өмірдің құбылысына айналады.  

Мақалада авторлар дұғаның бірнеше түрлеріне тоқталып, олардың өзіндік сипаты мен ерекшеліктерін ашады және сол арқылы олардың құлшылық ғибадаттардағы орын мен маңызын көрсетуге талпынады.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2017-10-16

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies