Мормондар шіркеуінің құрылымы мен қызметі
Аңдатпа
Бұл мақалада елімізде ресми тіркелген «Соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуінің» құрылымы мен миссионерлік қызметіқарастырылады.
1992 жылы елімізде «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» туралы заңы қабылданып, халыққа қалаған дінін ұстануға рұқсат берілді, көптеген діни бірлестіктер құрыла бастады. Нәтижесінде Қазақстанда негізгі дәстүрлі екі діннен бөлек, өзге де діни ағымдар қанат жая бастады. Осындай ағымдардың бірі «Соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуі» болып табылады.
«Соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуі» немесе мормондарҚазақстан жеріне 1997 жылдан бастап келе бастаған. Яғни, биыл 20 жыл болды. Осы уақыт аралығында бұл ұйым елімізде өз сенімдерін таратып, сенушілерінің қатары артып жатыр. Осы жерде қазақ халқының менталитетіне жат ағым қалайша осыншама уақыт бойы сенімін таратып, ізбасарларын тауып жатыр деген орынды сұрақ туындайды. Осы уақытқа дейін еліміздегі бұл ұйымның қызметі арнайы тереңдетіп зерттелмеген. Сондықтан, аталмыш ұйымның қызметі зерттеу тақырыбының басты нысаны етіп алынды.
Сонымен қатар бұл мақалада «Соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуі»өкілдерінің мемлекетіміздің аумағына алғаш келуі, аталмыш шіркеудің елімізде ресми тіркелуі және аймақтарға таралуы да қарастырылады.
