Исламдағы рух пен жан
DOI:
https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-3-123Аңдатпа
Мақала Құрандағы және теологтар мен орта ғасыр философтарының еңбектерінде қарастырылған, рух туралы түсініктері мен түсіндірмелері, қалыптасқан жүйелі ілімдерді талдай отырып, исламдағы "жан" деген не, сұрағына жауап табуға, сондай-ақ нәпсі (жан) және рух (әруақ) сынды екі сөздің анықтамасын талдауға талпыныс болып табылады. Осы түсінікке байланысты сұрақтардың жауабын табуға тырыса отырып, ислам философтары мен ислам бағыттарының Құранда негізге ала отырып берген еңбектерінде, рухты жанның кемелденуімен, өмірдің мәнімен байланыстыра отырып,мұсылман теологтары және философтары нәпсі (жан) және рух (әруақ) түсініктерінің ара жігін айырып қарастырмайды, және адам жаны бұл рухани субстанция және ол мәңгілік, Алладан берілген деп есептейді. Ислам теологтары платондық және Аристотельдің жан туралы түсініктемелерін қабылдай отырып, оның материядан және формадан тұратындығын растайды. осыған сәйкес өмірін бос өткізген рух ажалды, ал кемелді рух мәңгілік. Алланың Адамзатқа берген негізгі миссиясының мәні ашылады. Араб тілді философтар және теологтар жанды транстцендентальді деп түсіндіреді, Оны әрекетті Ақылмен байланыстырады, оның арқасында Ол Жоғарғы Ақыл демек Құдаймен эманация үрдісіне қатысады, осылайша "жан" және "Өзіндік" түсініктерінің бірегейлігін қалыптастырады. Рухты өте нәзік, алғашөы бастама ретінде түсіндіреді, тек оған қосылу арқылы жан мәңгілікке жете алады.
