Ислам және заманауи ақпараттық технологиялар

Авторлар

  • Asel Israilova
  • Айнур Курманалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2018-2-147

Аңдатпа

Мақала Исламның заманауи ақпараттық технологиялармен байланысына арналған ғылыми ізденіс ретінде өзекті. Ақпараттық технологиялар біздің өміріміздің барлық саласына еніп, адамзат дамуындағы алдыңғы қатарлы позицияларға ие болып отыр. Бүгінде ұялы байланыссыз, әлемдік желі, интернет-дүкендер, электронды медиа, әлеуметтік желілер және кезекті жаңа инновацияларды шығаруға үлгеріп отыратын ІТ жетістіктерінсіз өмір сүру мүмкін емес. Жаңашылдықтар өмірдің барлық саласына, оның ішінде рухани мәдениетке де өз әсерін тигізуде. Ислам да өзінің ықпалын қалыптастыру үшін қазіргі заманның инновациялық жетістіктерін пайдалануда. Діндарлар қоғамның барлық мүшелері секілді ең алдымен инновацияның мәнін, олардың руханилыққа және ұрпақтың болашағына әсерін ойлап барып қана пайдаланғандары жөн. Негізгі бөлімде ақпараттық технологиялардың да жағымды және жағымсыз жақтарына салыстырмалы талдау келтірілді. Адамзаттың садақты ойлап табудан бастап, ядролық энергияны тоқтата алуға дейінгі кез келген ойы игілікке қол жеткізуге қызмет етіп қана қоймай, жою мен қиратудың құралы болып кетуі де мүмкін екендігі негізделді. Қорытынды бөлімде көпшілік мақұлдаған пікірлерге қарамастан, мұсылмандардың ғаламтор мен әлеуметтік желілерді пайдалана алу керектігіне баса назар аударылды, бұл ретте Қасиетті Құран Кәрімде («Әли Имран», 3 сүре, 104 аят): «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар» деп келген қағиданы ұстану қажеттігіне мән берілді (Unal 2008: 157).

Қосымша файлдар

Жарияланды

2018-08-22

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies