Исламдағы әйел құқығы

Авторлар

  • Разия Шайкенова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2018-2-150

Аңдатпа

Бұл мақала исламдағы әйелдердің құқықтық мәртебесін зерттеуге арналған. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі көрсетіледі. Бұл тақырып бұрынғы заманда ғана емес, қазіргі заманда да бүкіл әлем бойынша өзекті. Негізгі бөлімге дейін ислам кезеңінен бұрын ежелгі грек өркениеті, ману патшалығы мен яһудилік пен араб елдеріндегі әйелдердің құқықтары мен қоғамдағы орнына салыстырмалы талдау жасалды. Негізгі бөлім мұсылман әйелдің құқықтарын қарастыруға арналған. Ислам діні әйелдің дәрежесін жоғары көтерді. Егер қыз туылса, жаннатқа есік ашады, ал ана болғанда жаннаттың кілті аяғының астында болады. Қасиетті Құранда әйел адамға «АнНиса» араб тілінен аударғанда «әйелдер» мен «Мәриям» секілді сүрелер арналған. Бүкіл адамзатқа үлгі болған Мұхаммед пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) әйел адамға қандай қарым-қатынас жасау керектігін хадистерде айтып кеткен. Ислам діні әйелдің де адам екенін және еркекпен бірдей дәрежеде құқығы бар екендігін көрсетеді. Ер адамға қарағанда әйел адамға дінде құлшылықта және кейбір міндеттемеде жеңілдіктер қарастырылған. Осының барлығы ислам дінінде қамтылған. Қорытынды бөлімде жалпыға ортақ пікірлерге қарамастан, исламдағы әйелдердің құқығы әлдеқайда зор екендігін және әйел адамға арналып жеңілдіктер жасалғаны көрсетіледі.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2018-08-22

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies