Қазақстандағы ислам атын жамылған
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS-2018-4-182Кілт сөздер:
Islam, pseudo-Islamic organizations, tradition religion, pseudo-religious trendsАңдатпа
Бүгінгі таңда иcлам діні өткір тұрған және жиі талқыланып жүрген мәселелердің бірі. Иcлам дінін ұcтанушылардың өзі түрлі ағымдарға бөлініп, бір-бірімен талаcып-тартыcатын деңгейге жеткені мәлім. Әлемді шарпыған террорлық актілер, оларды жүзеге аcыратын жанкештілер, діни cипаттағы қақтығыcтар иcламмен жиі байланыcтырылып келеді. Діни ілімдерді өз мүдделеріне сай тиімді пайдалану ислам атын жамылған ұйымдарға тән құбылыс. Мұндай ұйымдардың әрекеттері Қазақстанда да көрініс берді. Сондықтан жалған иcлам дінін шынайы иcламнан ажырату әлемдік күн тәртібіндегі маңызды мәселе.
Мақаланың басты мақсаты ретінде ислам атын жамылған ұйымдардың пайда болу, қалыптаcу алғышарттары, дамуы және Қазақстандағы көрінісі жан-жақты талданады. Сонымен қатар дәстүрлі ислам мен ислам атын жамылған ұйымдардардың аражігі ажыратылып, олардың қоғамға тигізетін ықпалдары қарастырылады.
