Насир ад-Дин Тусидің діни-философиялық мұрасы: трактаттарын талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS473202610

Аңдатпа

Мақалада ортағасырлық ислам өркениетінің көрнекті энциклопедист-ғалымы Насир ад-Дин Тусидің (1201–1274) философия, этика, діни ой, математика, астрономия және басқа да білім салаларын қамтитын шығармашылық және ғылыми мұрасы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Тусидің зияткерлік мұрасының көпқырлылығын ашып көрсету, оның ғылыми және философиялық қызметінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ трактаттарының ислам әлеміндегі ғылым мен мәдениеттің дамуы үшін маңызын айқындау. Адамгершілік, құқықтық және отбасылық-әлеуметтік мәселелер, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен тұлғаның кемелденуі мәселелері қарастырылатын «Насири этикасы» еңбегіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар Тусидің Мараға обсерваториясын құрудағы қызметі және астрономиялық зерттеулердің дамуына қосқан үлесі талданады. Зерттеудің әдіснамалық негізін ғалымның еңбектерін философиялық, діни және ғылыми дәстүрлердің өзара ықпалдастығы аясында қарастыруға мүмкіндік беретін тарихи-мәдени, салыстырмалы және мәтіндік-талдамалық тәсілдер құрайды. Зерттеу нәтижесінде антикалық ғылыми-философиялық ой жетістіктерін ислам өркениетінің зияткерлік дәстүрімен ұштастырған Туси мұрасының жүйелі сипаты айқындалады. Оның философиялық және діни-этикалық идеяларының, сондай-ақ астрономия саласындағы зерттеулерінің ғылыми білімнің кейінгі дамуы үшін маңызы көрсетіледі. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы Туси трактаттарын философия, діни ой және ғылым тарихының құрамдас бөлігі ретінде кешенді зерделеуден көрінеді. Алынған нәтижелердің практикалық маңызы оларды ислам философиясының тарихын, дінтануды, мәдениеттануды және ғылым тарихын зерттеуде, сондай-ақ тиісті бағыттар бойынша білім беру курстарында пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.

Түйін сөздер: Насир ад-Дин Туси, ислам өркениеті, философиялық мұра, Мараға обсерваториясы, діни-этикалық ой

Автор өмірбаяны

  • С. Мир-Багирзаде

    Мир-Багирзаде Самира Алтаевна – филология бойынша философия докторы (PhD), «Мәдениеттану және дінтану» мамандығы бойынша, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Сәулет және өнер институтының доцент, Баку, Әзербайжан, e-mail: samiramb777@mail.ru

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік басылымдар