Ахмад ибн Мансур және басқа да испиджабтық ғалымдар
DOI:
https://doi.org/10.26577/ejrs.2020.v22.i2.r2Аңдатпа
Орта Азияда ханафи мәзһабының дамуына Қазақ жерінен шыққан ғалымдар зор үлес қосқан. Атап айтар болсақ, Тараз, Фараб, Исфиджаб, Сығанақ және басқа да қалалардан әлемге танымал ғұламалар шыққан. Олардың әрқайсысы ғылымның әр алуан саласында құнды еңбектер жазып қалдырды.
Аталған мақалада Қазақстан исламтануының ортағасырлық өкілі Ахмад ибн Мансур әл-Испиджабидің өмірі, ғылым жолы, еңбектері, діни және мемлекеттік лауазымдардағы қызметі баяндалады. Сондай-ақ Испиджабтан шыққан басқа да ғалымдардың есімдері мен өмірбаяндары келтіріліп, жалпы испиджабтық ғалымдардың классификациясы жасалады.
Ахмад ибн Мансур әл-Испиджабидің еңбектерінің аты мен саны тарихи және биографиялық еңбектерге жүгіну арқылы нақтыланады. Олардың қаншасы күні бүгінге дейін қолжазба күйінде жеткендігі әрі әлемнің қандай кітапханаларында сақталғандығы жайлы нақты мәліметтер беріледі. Ахмад ибн Мансур әл-Испиджаби Қараханилер дәуіріндегі өмір сүргендіктен, оның Қарахан басшыларымен байланысы және сол кездегі діни-саяси жағдай талқыланады.
Ахмад ибн Мансур әл-Испиджабидің еңбектерінің маңыздылығы, ханафи мектебіндегі орны салыстырмалы және анализ әдістері арқылы дәлелденеді. Сонымен қатар ғалымның еңбектерін қазақстандық исламтану мектебіне негіз етіп, ғылыми айналымға енгізу мәселелері қарастырылады.








