Ислам ренесансы немесе Фарабитану дәуірінің негізін қалаушы түрік философы Әл-Фараби

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs.2020.v22.i2.r7

Аңдатпа

IX-XIV ғ.ғ. Ислам Ренессансымен белгілі. Сонымен қатар, бұл кезең түркі философы Фараби есімімен байланысты, Фарабизм кезеңі деп аталады. Бұл алғашқы түркі Ренессансы болды. Фараби грек философиясын ислам және түркі идеяларымен, өз дәуіріндегі барлық ғылымдардағы жан-жақты ойлармен және ілімдерді жүйелеп, қайта қарастырды. XII-XVI ғасырлардағы барлық түркі ойшылдарының ықпалы мен рухы Фарабизм дәуірінен басталды. Түркілік идеялар да осы кезеңде жаңа дәуірге өтті. Бұл идеяларда 1923 Түрік Республикасының құрылуының философиясының негізі жатыр. Бұл түркілік үшінші Ренессанс болды. Алғашқы Ренессанс Фараби атымен, екінші - түркі сопыларымен және олардың мистикалық философиясымен, ал үшіншісі – Ататүріктің төңкерістерімен байланысты аталады. Фарабиден республиканың құрылуына дейінгі Қайта өрлеу дәуірі үш түркілік кезеңдерді қамтиды, біз сол үшін Фарабиге қарыздармыз. Әл-Фарабидің еңбектерінде философия мен жеке ғылымдардың нақты бөлінуі жоқ. Бұл мәселеде ол өз дәуірінде қалыптасқан білім жүйесіне деген көзқарастарын енгізген. Фараби ғылымның беделін және оған қатысы бар адамдарды жоғары бағалайды. Ғылым үшін бізге бос әурешілік пен ұсақ өзімшілдік емес, таза жүрек, биік ойлы адамдар керек. Ғылыми зерттеу атмосферасы адамның мәдениетін, оның объективті және шындыққа бас ию қабілетін қалыптастырады.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2020-06-10

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік басылымдар