Қажы Бекташ Уәли және қазақ дін ойшылдарының этикалық көзқарастарының сабақтастығы

Авторлар

  • M. Myrzabekov Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University, Kazakhstan, Turkestan
  • Zh. Nurmatov Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • S. Abzhalov Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v23.i3.r2

Кілт сөздер:

Адам жүрегі, тазалық, Қажы Бекташ, қазақ дін ойшылдары, құдай

Аңдатпа

Ахмет Ясауи, Хаджи Бекташ Уәли, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы және басқа да қазақ дін ойшылдары адамның ішкі әлеміне, рухани тазаруы мен адамгершілік-этикалық дамуына үлкен мән берген. Себебі адамның табиғаты атақ-даңқта немесе байлықта емес. Ол адам бойындағы ізгілік пен жүректің тазалығына негізделеді. Сондықтан да Хакім Абай өз еңбектерінде адам баласы осы дүниенің мәні мен табиғаты екеніне ерекше мән берген. Ол адамның жүрегін басты мән ретінде көрсетті. Адамгершілік-этикалық даму тұрғысынан, адами қасиеттер: рухани тазалық, шыдамдылық, адалдық, кішіпейілділік, мейірімділік және бауырмалдық Қажы Бекташ пен қатар қазақ дін ойшылдарының ілімінде де орын алған. Сонымен, рухани даму адамгершілік тазалықты, шыдамдылықты, адалдықты, кішіпейілділікті, рақымдылық пен бауырмалдықты қажет етеді. Осы зерттеуде біз қажы Бекташ Уәли мен қазақ дін ойшылдарының көзқарастары арасындағы үйлесімділікті анықтауға тырыстық. Бұл жұмыста пайдаланылған мәліметтер тарихи, салыстырмалы зерттеу әдістерімен алынған мәліметтерге негізделеді. Осы мәліметтер нәтижесінде Қожа Ахмет Ясауи мен Әл-Фараби ілімі, Қажы Бекташ Уәли мен қазақтың дін ойшылдарының адамгершілік ілімдерінің негізі екеніне көз жеткіздік.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2020-10-11