Терроризм және террористік акт ұғымдары дефинициясының кейбір ерекшеліктері туралы

Авторлар

  • M.M. Edilova Кыргызско-Турецкий Университет Манас, Кыргызстан, Бишкек
  • K. Begalinova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0001-5575-5142
  • A. Begalinov Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v23.i3.r1

Кілт сөздер:

терроризм, террористік акт, Орталық Азия аймағы, шахиттер, кепілдегі адамдар, тұрақсыздық, қарсы шаралар

Аңдатпа

Мақалада қазіргі әлемдік өркениетке, жаһандану процестеріне елеулі қатер болып табылатын күрделі, көп қырлы құбылыс - терроризм туралы айтылады. Терроризмнің зорлық-зомбылықпен байланысты әртүрлі анықтамалары берілген, осы анықтамалардың жиынтығы көрсетіліп, онда терроризм бүкіл әлем қауымдастығының қатаң айыптауы мен қарсы күресіне лайық қоғамдық өмірдің әлеуметтік қауіпті құбылысы ретінде сипатталады.

Авторлар заманауи террористік топтардың «әлеуетті» жауға тікелей немесе жанама әсер етудің ақпараттық, технологиялық, психотроптық және басқа әдістерінің үлкен арсеналына ие екендігін айтады. Терроризмнің негізгі типтері мен түрлері талданады - дүниетанымдық, саяси, діни-негізделген, қылмыстық және т.б., олардың жалпы және айрықша белгілері ашылады.

Авторлар террористік әрекеттің нәтижесі болып табылатын, оның қылмыстық, қоғамға қарсы мәнін ашатын террористік актінің проблемаларына жан-жақты тоқталады. Террористік актінің үш элементі: террорист, оның құрбаны (шабуылдың нысаны) және ықпал ету нысаны болып табылатын адамдар құрылымы көрсетілген.

Сондай-ақ, терроризмге қарсы күрес әдістеріне назар аударылады, авторлар күрестің ең тиімді жолы діни білім беру болып табылады, өйткені дінді жақсы білетін адам ешқашан террористер қатарына қосылмайды деген тұжырым жасайды.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2020-10-11