Қазақ жеріндегі уақыптардың діни-әлеуметтік маңыздылығы
DOI:
10.26577//EJRS.2023.v34.i2.r6Кілт сөздер:
уақып, ислам, қайырымдылық, үздіксіз садақа, уақыптық жүйеАңдатпа
Мұсылман елдерінде жомарттық пен өзара жәрдем ұстанымы негізінде пайда болған уақып мәдениеті Мұхаммед пайғамбар бастатқан Мәдина кезеңінен күнімізге дейін ислам дүниесінің әлеуметтік және экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарған діни әрі құқықтық құрылым болып табылады. Уақып мәдениетінің қалыптасуының негізгі мақсаты қоғамдағы келеңсіздіктерді жойып, әлеуметтік жағдайдың өркендеуіне септігін тигізу, экономикалық теңдіктің сақталуын қамтамасыз ету болған. Осы мақсатта мешіттер, медреселер, кітапханалар, керуен сарай секілді ғимараттар салынып, су каналдары мен арықтар, көпірлер жасалып көпшіліктің қолданысына берілген. Кей кездері жеке меншіктегі жерлер де халыққа үлестірілген немесе толығымен көпшілікке бағышталған. Сондайақ уақыптар елдің тіл, мәдениет, тарих, дін жағынан өркендеуіне де өзіндік әсерін тигізген. Түркі халықтарында, соның ішінде қазақ даласында да қайырымдылық негізінде құрылған уақыптардың санының көптігі халық арасында уақып түсінігі мен мәдениетінің жоғары деңгейде қалыптасқанын көрсетеді. Олардың қызмет көрсету саласын зерттегенде кедейкепшік пен жетімдер, білім жолындағы шәкірттер мен жолаушылар, шаруалар мен қолөнермен айналысқан ұсталар секілді халықтың әртүрлі санатындағы адамдарды қамтығанын көруге болады. Мақалада қазақ даласындағы уақыптың діниәлеуметтік маңыздылығы қарастырылады.
Түйін сөздер: уақып, ислам, қайырымдылық, үздіксіз садақа, уақыптық жүйе








