Конфессияаралық диалогтың маңыздылығы мен орны (Қазақстан мен Өзбекстан тәжірибесінде)
DOI:
10.26577//EJRS.2021.v26.i2.r8Кілт сөздер:
конфессия, дінаралық диалог, позитив, жаһандану, үдерісАңдатпа
Мақалада конфессияаралық қарым-қатынастар мен оның қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы жөнінде айтылады. Сондай-ақ көпконфессиялы Қазақстан мен Өзбекстан секілді мемлекеттегі діни көзқарастар мен диалог үлгілері сипатталады. Дінаралық диалогқа келу оған мемлекет тарапынан жасалған ықпалы мен жағдайына тоқталамыз. Конфессияаралық диалогтың позитивті тұстары ел бірлігіндегі үлесі жайында сөз қозғалады. Дінаралық қарым-қатынасты реттеудегі Қазақстанның рөлі мен осы тақырыптағы жазылған ғылыми-зерттеулерді қарастыра отырып, зерттеушілердің көзқарастары беріледі. Жалпы дінаралық қарым-қатынас пен конфессияаралық қарым-қатынастардың маңыздылығы келтіріледі. «Конфессия» түсінігі жөнінде кеңірек сөз қозғаймыз. Посткеңестік кезеңдегі дінге бет бұру тұсындағы конфессияарық диалог турасында айтылады. Негізгі мақсат конфессияаралық диалогтың қоғамдағы маңыздылығы мен оның орнын анықтау болып табылады. Дінаралық және конфессияаралық қарым-қатынастың өзара ынтымақтастық пен ұлтаралық татулықты сақтаудағы рөлі айтарлықтай маңызды. Дінаралық диалогтың конфессияаралық диалогқа, ұлтаралық, мемлекет аралық диалогқа айналу мүмкіндігі бар. Заманауи сөзбен айтқанда, толеранттылық немесе діни төзімділік мұндай қадамдардың шартты құбылысы болары хақ. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы татулық пен ынтымақтастық осындай келелі қадамдардың нәтижесі іспеттес. Осы төңіректегі мәселелер мақаланың мазмұнын қамтиды.
Түйін сөздер: конфессия, дінаралық диалог, позитив, жаһандану, үдеріс








