Жаңа діндарлықтың қалыптасуы
DOI:
10.26577//EJRS.2021.v28.i4.r9Кілт сөздер:
жаһандану, ислам, фундаментализм, діни ағымдар, ислами қайта өрлеуАңдатпа
Мақалада әлемдегі жаһандық байланыстың ішіндегі діни топтардың қарқыны мен қалыптасуына түрткі болған негізгі себептер қарастырылады. Қазіргі кездегі жаһандық қатынас бір жағынан ежелден қалыптасып келген кейбір дәстүрлер мен үрдістердің дамуына ықпал еткен болса, екінші жағынан оның төмендеуіне де себеп болып жатыр. Дегенмен жаһандану қазіргі кездегі діни үрдістерге қаншалықты әсер етуде? Саяси қыспақтың салдарынан діни құндылықтар әлсірігенімен де, уақыт өте келе қайта жанданып, қазіргі жаһандану кезеңінде жаңа бағыттағы діни топтардың пайда болуы мен қалыптасуына түрткі болуда. Фундаментализмді осы жаһандық қоғамның өндірісі деп те айтсақ болады. Ол – тұтастай алғанда, қазіргі қоғамда болып жатқан жаһандану мен секуляризация процестеріне қарсы реакция. Сондай-ақ, фундаментализм бұрын ұмыт қалған діни институтардың қайта жандануына себеп болды. Ислам фундаментализмі терминіне қатысты ғалымдар арасында әртүрлі қарама-қайшы пікірлер бар. Дінтанушылар бұл ұғымға жалпы діндерге байланысты қолданылатын термин ретінде қарайтын болса, ал исламтанушылар бұл сөз бастауын христиандық бағытынан алады деп, ислами бағыттарға мүлдем сәйкеспейтінін әрі термин ретінде оның ислами ұғымдарға ешқандай байланысты жоқ екенін айтады. Жалпы айтқанда, бұл термин соңғы кездері тек қана діни бағытқа ғана емес, гуманитарлық бағыттағы бүткіл салаға қолданылатын терминге айналып кеткені белгілі. Мақалада осы мәселеге талдау беріліп, терминнің және жаңа діндарлықтың қалыптасуына қатысты тұжырымдар жасалады.
Кілт сөздер: жаһандану, ислам, фундаментализм, діни ағымдар, ислами қайта өрлеу.








