Қазақ даласындағы исламға дейінгі діни наным сенімдер
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2021.v28.i4.r7Кілт сөздер:
наным-сенім, діндарлық, шаманизм, тәңіршілдік, митраизм, зороастризмАңдатпа
Ғылыми мақалада қазақ халқының исламға дейінгі діни дүниетанымының кейбір ерекше қырлары сыни талдаудан өткізілді. Сонымен қатар, исламға дейінгі қазақ халқының наным-сенімдеріне, діни көзқарастары мен олардың ерекшеліктеріне заманауи кезеңдегі дінтанулық сараптаулар тұрғысынан жіктемелер жасалған. Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасы халқының 70 пайызға жуығының ұстанатын діні – ислам діні және оның ішіндегі Әбу Ханифа бағыты екені белгілі. Сондай-ақ елде 130-дан аса ұлт-өкілдері 18 конфессия өзара татулықта, бейбіт өмір кешуде. Қазақстан жеріне ислам діні сияқты тарихи феномен келген кезеңге дейін де әртүрлі түркі тайпаларынан тұратын халықтар қауымдастығы әр қилы діни наным-сенімдерді ұстанған. Қазақстан секілді көпұлтты, көпконфессиялы мемлекеттің тұрғындарының діни көзқарастары мен діни наным-сенімдері елдегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ел бірлігі тұрғысынан кешенді зерттеуді, ғылыми зерделеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі. Жалпы елдегі халықтың жетпіс пайызға жуығы өздерін діндарлар қатарына жатқызады. Мақалада қазақ халқының исламға дейінгі діни наным-сенімдері мен заманауи қолданыстағы «дәстүрлі ислам» терминімен ара-қатынасы мен байланысы анықталады. Исламға дейінгі діни нанымдардың орны мен маңыздылығы қарастырылады.
Түйін сөздер: наным-сенім, діндарлық, шаманизм, тәңіршілдік, митраизм, зороастризм.
