Имам Матуридидің теологиялық көзқарастары
DOI:
10.26577//EJRS.2022.v29.i1.r9Кілт сөздер:
Имам Матуриди, кәлам, әһлі сүннә, ақыл, иманАңдатпа
Мақалада Ислам дінінің сенімдік мазхабы ретінде белгілі Орта Азия өлкелеріне кең таралған Матуридия мазхабының құрушысы Имам Әбу Мансұр әл-Матуриди мен оның кәламдық және теологиялық көзқарастары туралы сөз қозғалады. Имам Матуриди, Әһлі Сүннә уә әл-жамаға жолының амалдағы басты мазхабы Имам Ағзам Әбу Ханифаның дәстүрін ұстана отырып, өзінің мектебін дамытқандығы көрсетіледі. Матуридидің өз көзқарастарында ақылға баса мән беріп, оның Алланы танудағы ролін егжей-тегжейлі сипаттауына қатысты деректер мен мәліметтер беріледі. Ғұламаның мектебін жалғастырған шәкірттерінің оған қатысты пайымдары келтіріледі. Сонымен қатар оның бүгінге жеткен қос бірдей еңбегі «Тәуилату-л Құран» мен «Китабу-т таухид» кітаптарының кәламдық тұрғыдан мәні мен маңызына, қолданған әдіс-тәсілдеріне орын беріледі. Имам Матуриди еңбектеріндегі «улухият», «адамның еркі мен қалауы», «тағдыр», «нубууат», «иман және үлкен күнә» сияқты кәламдық тақырыптар талданады. Сондай-ақ, Имам Матуридидің теологиялық көзқарастарының ішінен «Алланы тану», «көркемдік пен ұсқынсыздық», «адамның еркіндігі», «күш жетпейтін міндетті жүктеу», «тәкуин», «хикмет пен себеп», «Алланың сөзін есту», «пайғамбарлардың ер немесе әйел болу мәселесі» тақырыптары қарастырылып, Әшәрия мазхабындағы кәламдық ой-пікірлермен салыстырыла зерделенеді.
Түйін сөздер: Имам Матуриди, кәлам, әһлі сүннә, ақыл, иман








