Instagram әлеуметтік желісіндегі әйел діндарлығының көрінісі
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2022.v29.i1.r4Кілт сөздер:
әлеуметтік желі, инстаграм, әйел бейнесі, діндарлық, профильАңдатпа
Мақалада Instagram әлеуметтік желідегі әйел діндарлығының әртүрлі көріністері талданады. Әйел адамның әлеуметтік өмірдегі ролі, әлеуметтік континуумдағы өзін-өзі танытуы, мүмкіндігі мен қабілетін жүзеге асыру проблемасы, діни көзқарасы мен сакралды құбылыстарға деген қарым-қатынасы гуманитарлық және әлеуметтік ғылым өкілдері үшін ұзақ уақыт бойы зерттеу нысаны болып келді. Соңғы жылдардағы әлеуметтік зерттеулер әйелдердің белсенді діндарлығы туралы тезисті бірнеше рет растады және оны нәзік жандылардың ерекше психоэмоционалды және физиологиялық күйімен түсіндірді. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік желілерде әйел діндарлығының аса қарқынды көрініс табуы біздің де қызығушылығымызды тудырды. Діндарлықтың өзгеру процестері діннің институционалдық формалары мен жеке адамдардың нақты діни өмірінің сәйкес келмеуінен ерекше айқын көрінеді. Бұл ретте діни институттар мен сенуші адамдарда 2 жол бар: радикалды бағыт өкілдері сынды жаңалық пен заманауи технологиядан бас тарту немесе діни амалдарды заманауиландыру. Зерттеу барысында Қазақстан қыз-келіншектері екінші жолды таңдап, оны сәтті пайдаланып, әлеуметтік желілер арқылы әйел діндарлығының небір үлгілерін көрсетіп жүргендігі байқалды. Болашақ зерттеулер әйел діндарлығының басқа да әлеуметтік желілерде (Facebook. Twitter, Tiktok, Вконтакте, LinkedIn және т.б.) көріністерін қамтымақ.
Түйін сөздер: әлеуметтік желі, Инстаграм, әйел бейнесі, діндарлық, профиль.
