Жаратылыстағы хикметтің мәні. Матуриди танымы аясында

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2022.v31.i3.r3

Кілт сөздер:

хикмет, Матуриди, жаратылыс, жамандық, жақсылық

Аңдатпа

 «Хикмет» араб тіліндегі «х-к-м» түбірінен шығатын етістік ретінде терең және пайдалы білім, даналық, жасырын іс деген мағыналарға келеді. Хикмет, сонымен қатар «әділ үкім, білім, түсіну, сақтау, қатыгездіктен сақтау» дегенді білдіреді және адамды қатыгездіктен, надандықтан сақтайтын қасиет болып табылады. Имам Матуридидің көзқарасы бойынша хикмет бұл шындық жолындағы дұрыс пен бұрысты ажырата білу (фиқһ жасау) қабілеті. Осылайша, бұл дүниеде де, ақыретте де көптеген артықшылықтарға себеп болады. Матуриди сонымен бірге хикметті «бәрін өз орнына қоюда дұрысты таңдап және әрбір жанның ақысын жемей, ешкімнің құқығын таптамау» деп те білдіруде. Хаким болса, бәрін өз орнына қоюшы, өлшемінде қателік жібермейтін, ғалым, бәрін білетін, табиғатты зерделеуші, әр нәрсенің дауасын білетін, бәрінің билеушісі және «Ахкамул Хакимин» болған Алла Тағала. Хаким сөзі Алла үшін қолданылғанда үкім шығарушы, жаратылысты ең көркем түрде білуші және жаратушы, бір-бірімен үйлесімді түрде ретке қоюшы «барлық сөздері және әрекеті әділдікке, ғылымға және барлық нәрселерді, жағдайларды ең жоғары ғылыммен білуші және табиғаттың барлық нысандарын үйлесімді, берік және шебер түрде жаратып жалғастырушы мағыналарында да қолданылған. Демек, Алла ғаламдағы барлық болмыстарды белгілі бір мақсатпен жаратқан. Бірақ кейбір тіршілік иелері зиянды болып көрінгендіктен және үлкен ғаламдағы көптеген болмысты, хикмет/даналық ұғымымен бағаланбайтындай ұзақтықта және өлшемде деп санауға болады. Адамға орталықтандырылған Құранды оқып түсінуінде, Матуридидің әрекет ету форматы әлемдегі барлық нәрсенің адамзатқа пайдасы бар екенін көрсетеді. Алайда, кейбір болмыстардың адам қызығушылығының болмауына байланысты сол ғасырлық кезеңдерінде білінбеуі мүмкін, бірақ кейінгі ғасырларда айқындалып жатады. Себебі адам білімі уақыт пен жермен шектелген. Сондықтан да кейбір адамдар кейбіреулердің түсінбейтінін түсінеді. Кейбір ғасырлық кезеңдерде түсінуі қиын болған мәселелер кейінгі ғасырдағы адамдар үшін көрнекті, түсінікті болуы мүмкін. Матуридидің айтуынша, әлемде бар болған және адаммен байланысы жоқ деп саналған болмыстар, кейбір жолдармен бәрібір адамның пайдасына қарай бейімделгенін көрсетеді және әлемде еш нәрсе түсініксіз, әрі мәнсіз, мағынасыз емес деп санайды. Осы тұрғыда, бұл мақалада Матуридидің дүниедегі негативтер мен әлемдегі түсініксіз болмыстар жайындағы түсіндірмелері негізінде зерттелініп қаралды.

Түйін сөздер: хикмет, Матуриди, жаратылыс, жамандық, жақсылық

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies