Ахмад ибн Мансур әл-Испиджабидің Қазақстан исламтануына қосқан үлесі
DOI:
10.26577//EJRS.2022.v31.i3.r7Кілт сөздер:
мәзһаб, шарх, қолжазба, фиқһ, мухтасарАңдатпа
Аталған мақалада Қазақ жерінен шыққан, ханафи мәзһабының көрнекті өкілі Ахмад ибн Мансур әл-Испиджабидің өмірі мен ғылым жолы, ұстаздары мен шәкірттері жайлы сөз қозғалады. Өйткені ғалымның өмірі мен ғылым жолына қатысты бірқатар мәліметтер болғанымен, оның ұстаздары мен шәкірттетіне қатысты мәліметтер тым аз әрі олар нақтылауды талап етеді. Сонымен қатар Ахмад ибн Мансур әл-Испиджабидің «Шарх Мухтасар әт-Тахауи» атты ең негізгі еңбегіне, оның қазіргі таңдағы әлем кітапханаларындағы қолжазба нұсқаларына сипаттама жасалады. Өйткені ғалымның бұл еңбегі күнімізге дейін қолжазба күйінде жеткен. Ахмад ибн Мансурдың аталған еңбегі Испиджаб қаласының өзіндік фиқһ мектебінің қалыптасуына негіз болған. Бұл тұжырымды дәлелдеу мақсатында Ахмад ибн Мансурдың «Шарх Мухтасар әт-Тахауи» еңбегі зерттеліп, оның мазмұндық құндылықтары мен методолгиялық ерекшеліктері көрсетіледі. Ахмад ибн Мансурдан бөлек әт-Тахауидың «Мухтасар» еңбегіне бірқатар ғалымдар түсіндірме жазған. Солардың қатарында Абу Бакр әл-Жассасты атап өтуге болады. Бұл ретте Ахмад ибн Мансурдың «Шарх Мухтасар әт-Тахауи» еңбегі мен Абу Бакр әл-Жассастың «Шарх Мухтасар әт-Тахауи» атты еңбектері арасында компаративистикалық зерттеу жасалып, олардың өзара методикалық ерекшеліктері мен айырмашылықтары баяндалады.
Түйін сөздер: мәзһаб, шарх, қолжазба, фиқһ, мухтасар








